Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша...

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Қала тынысы Бүгін 12:02 61
Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева тұрғындар мен журналистердің қойған сұрағына жауап берді. Тұрғындарды қараусыз қалған балабақша, кәріз жүйесінің жоқтығы, тротуардағы жарықтың тым көмескі екені, аулалар мен саябақтың жағдайы сияқты нақты мәселелер алаңдатты. Осы мәселелерге қатысты түгел шешім қабылданып, негізінен жылдың соңына дейін мерзімі де белгіленіпті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қойған сұрақтың бірі Казаков көшесі, 7а мекенжайындағы қараусыз қалған №163 балабақшаның болашағына қатысты болды. Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта оның жобалық құжаттамасы дайындалып жатыр екен.

«Құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша мердігер ұйым №163 балабақша ғимаратын қайта жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алысымен, сәуір айының соңына дейін ПСҚ әзірлейді. Осыдан кейін жобаны іске асырудың келесі кезеңіне көшуге болады. Бұл нысанды ауданның әлеуметтік инфрақұрылымына қайта қосуға мүмкіндік береді», — деді әкім.

Станиславский көшесінің тұрғындары кәріз жүйесінің жоқтығын айтып шағымданды. Қазір олар септиктерді пайдаланып отыр екен. Әкімдіктегілер бұл мәселені де жоба аясында біртіндеп шешіп жатқанын мәлімдеді.

«Жетісу ауданында сумен жабдықтау мен су бұру желісін салу жобасы аясында Станиславский көшесіне кәріз жүргізу қарастырылған. Қазір мердігер ұйым құрылыс жұмысын бастап кетті. Жобаны осы жылдың соңына таман аяқтайды. Бұл тұрғындардың өмір сүру жағдайын айтарлықтай жақсартып, шығынды азайтуға сеп болады», — деп атап өтті аудан басшысы.

Бұрындай көшесі мен тағы бір көшедегі шіркеу маңында кешкі уақытта тротуар мен жолға жарық аз түседі екен. Тұрғындар жиында осы мәселеге де назар аударуды өтінді. Әкім осыған орай жауап беріп, ауданның жарықтандыру жүйесін кешенді түрде жаңартуды қолға алғандарын жеткізді.

«Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тротуарларды жарықтандырғалы жатырмыз. Жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Енді 12 учаскеде жаңа шам орнатылып, 18 қоғамдық кеңістіктегі ескі шамдарды түгел ауыстырамыз. Жұмысты биылғы жылдың екінші тоқсанының соңында бастауды жоспарланып отырмыз», — деп түсіндірді Ләззат Жылқыбаева.

Тұрғындар аудан басшысынан Жангелдин көшесіндегі саябақ пен Тихов көшесіндегі алаңқайды да жаңартып беруді сұрады.

«Биыл Жангелдин саябағына ағымдағы жөндеу жұмысы жоспарланған. Спорт алаңдары қалпына келтіріліп, қосымша орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады, көгалдандыру жүргізіледі. Сондай-ақ Тихов көшесіндегі алаңқайды абаттандырып, жарықтандырып, автоматты суару жүйесін орнатып, арт-нысандар қою қарастырылған. Жұмыс мердігер ұйым анықталғаннан кейін мамыр айында басталады», — деді аудан басшысы.

Үйдің маңындағы аумақтардың жағдайы мен инженерлік инфрақұрылымға қатысты сұрақ та қойылды. Мәселен, Чаплыгин даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жөндеу жұмысы жүргізіліп, оны қазан айының соңына дейін аяқтамақ ойда. Көкмайса шағын ауданында 1973 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан су құбыры биыл қайта жаңғыртылады. Осындай жұмысты Жұмабаев көшесінің Сельскаядан Жансүгіровке дейінгі бөлігінде де қолға алғалы отыр, қазір бұл жұмыс мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алыпты.

Сонымен қатар, биылғы 15 сәуірге дейін Бұлқышев көшесі, 3Б мекенжайында жарықтандыру орнату жоспарға енгізілген.

Наурыз мерекесіне қатысты сұраққа жауап бере отырып, әкім қала тұрғындары оған белсене қатысқанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, мерекеге 10 мыңнан астам адам қатысып, осы жолы рекорд жасапты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55

Алматыдағы Жетісу ауданында биыл 42 шақырым жол жөнделмекші

Бүгін 11:53

Алматының Жетісу ауданында инвестиция 32%-ға өсіп, 40 млрд теңгенің жобасы іске асқалы жатыр

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика