конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының жаңа Бас жоспарына арналған қоғамдық эко...

Алматының жаңа Бас жоспарына арналған қоғамдық экологиялық тыңдауларда қаланы көгалдандыру мәселесіне ерекше назар аударылды

Алматы 30.06.2026, 11:53 200 yakiya
Алматының жаңа Бас жоспарына арналған қоғамдық экологиялық тыңдауларда қаланы көгалдандыру мәселесіне ерекше назар аударылды
Алматы әкімдігі

Алматыда Бас жоспарға енгізілетін түзетулердің стратегиялық экологиялық бағалауына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тыңдау барысында тұрғындардың бірі құжат әзірлеушілерден қаланы көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстарға жүргізілген талдаудың нақты нәтижесін ұсынуды сұрады. Оның айтуынша, қала тұрғындарын Алматының жасыл қорының қазіргі жай-күйі мен оның ауа сапасына ықпалы туралы объективті бағалау қызықтырады.

Бұл сұраққа PhD докторы, белгілі қазақстандық биотехнолог-ғалым Гүлнұр Жүнісова жауап берді. Оның айтуынша, бүгінгі ахуалға жан-жақты талдау жасалған. Қазіргі таңда Алматыдағы бір тұрғынға шаққандағы жасыл желекпен қамтамасыз ету деңгейі шамамен 5 шаршы метр. Бұл белгіленген нормативтен едәуір төмен. Ал межелі көрсеткіш – бір адамға шаққанда 16 шаршы метр.

Сарапшының айтуынша, нормативтік есептеу кезінде кейбір табиғи аумақтар қаланың көгалдандыру жүйесінің құрамына енгізілмейді. Сондықтан олар жалпы статистикалық көрсеткіште есепке алынбайды.

«Белгіленген межеге қол жеткізу үшін Бас жоспарда жасыл желек көлемін едәуір ұлғайту көзделген. Осы мақсатта жыл сайын 10 мыңнан астам ағаш егу жоспарланып отыр. Бұл ретте жергілікті табиғи жағдайға бейімделген өсімдік түрлеріне басымдық беріледі», – деді спикер.

Гүлнұр Жүнісованың айтуынша, мұндай тәсіл қаланың көгалдандыру деңгейін арттырып қана қоймай, қала экожүйесінің жағдайын жақсартуға, биологиялық алуан түрлілікті сақтауға және қаладағы құстар мен жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қаладағы жасыл белдеуді өзен жағалауларын көгалдандыру және жасыл желек алқаптарын ұлғайту арқылы дамыту жоспарланған. Жоспарда Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының айналасында қорғау аймағын белгілеу, тұрғындар жиі баратын шатқалдардағы демалыс жүктемені реттеу, сондай-ақ сирек кездесетін жануарлар түрлеріне мониторинг жүргізу бағдарламаларын кеңейту көзделген. Экологиялық тәуекелдерді азайту мақсатында Бас жоспарда табиғи аумақтар арасындағы жануарлардың еркін қоныс аударуына мүмкіндік беретін экологиялық дәліздер жүйесін құру да қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

Бүгін 21:21

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Бүгін 17:51

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 17:48

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін 17:15

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);