AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қ...

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Алматы Бүгін 20:03 52
Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Бүгінде Алматыда жастар қайталама шикізат тапсырып, экологиялық жобаларға қатыса алатын үш эко-хаб жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Алматыда Президенттің жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қалдықтарды жинау, сұрыптау және кейін қайта өңдеуге жіберуге бағытталған жастар экологиялық акциясы өтіп жатыр.

Пластик, қағаз, алюминий және қайта өңдеуге жарамды басқа да материалдар сұрыпталып, екінші рет өңдеуге жіберіледі. Осылайша, акция күнделікті қоқыс жәшігіне тасталатын қалдықтардың едәуір бөлігін қайта пайдалануға болатынын іс жүзінде көрсетуге бағытталған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жекелеген сенбіліктермен ғана шектелмей, азаматтардың күнделікті мәдениетінің бір бөлігіне айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өткен. Бүгінде «Таза Қазақстан» тазалыққа, тәртіпке, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және әр адамның жеке жауапкершілігіне негізделген жалпыұлттық жасампаздық үлгісі ретінде қарастырылады.

Алматыда бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша аумақтарды санитарлық тазартумен қатар, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қала әкімі бұған дейін экологиялық іс-шаралар формалды сипатта қалмай, қалалық ортадағы нақты өзгерістерге ықпал етуі тиіс екенін атап өткен.

2026 жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» аясында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен 98-ден астам экологиялық іс-шара өткізіліп, оған 18 мыңнан астам жас қатысты. Сонымен қатар 3,6 мыңнан астам жас алматылық ауқымды қалалық сенбіліктерге атсалысты. Жүзеге асырылған жобалардың қатарында Plastic Hunt, Plastic-FREE Week, «Қағаз Boom», EcoQuest Almaty, Eco Vibe, «Өзіңнен баста» челленджі, экологиялық рейдтер мен ағартушылық жобалар бар.

«Бүгінде жай ғана “жиналып, тазалап кеттік” деген тәсілден арылып, жиналған қалдықтардың әрі қарай не болатынын түсіну маңызды. Жастар бүкіл үдерісті көруі керек: қалдықтарды жинау, дұрыс сұрыптау, қайта өңдеуге тапсыру және сол арқылы полигондарға түсетін қоқыс көлемін азайту. Дәл осындай тәсіл экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша біз жастарға бір реттік акцияларға қатысып қана қоймай, экологиялық әдеттерді күнделікті өміріне енгізуге мүмкіндік беретін жобаларды көбейтуге тырысамыз. «Таза Қазақстанның» негізгі мәнінің бірі де осында — өзгеріс әрқайсымыздың нақты әрекетімізден басталады», — деді Медеу ауданы жастар комьюнити-орталығының стейкхолдері Рустам Қайриев.

Бүгінде Алматыда жастар қайталама шикізат тапсырып, экологиялық жобаларға қатыса алатын үш эко-хаб жұмыс істейді. Экологиялық бастамаларға мыңнан астам волонтер тартылған. Ал «Эко-рейнджерлер» жобасы аясында 1,5 мыңнан астам жас экологиялық рейдтерге, аумақтарды бақылауға, қалдықтарды сұрыптауға және ағартушылық жұмыстарға қатысып жүр. Қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу «Жетісу-2» жастар комьюнити-орталығында ашылған жаңа Эко-Хаб жұмысының да негізгі бағыттарының біріне айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі акция «Таза Қазақстан» қағидаттарын күнделікті өмірде жүзеге асырудың тағы бір нақты үлгісі болмақ. Мақсат — қоқысты жай ғана жинап қою емес, оның көлемін азайтып, қайта өңдеуге жарамды материалдарды қайта айналымға енгізу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Бүгін 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Бүгін 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Бүгін 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Бүгін 17:47

Дархан Сатыбалды мердігерлердің жұмысын бақылауды тапсырды

Бүгін 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);