AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл і...

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Экономика Бүгін 19:30 48
Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды
Сурет: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі әл-ауқат мәселелері жөніндегі өңірлік директоры Абебе Адугнамен кездесті.

Тараптар ағымдағы экономикалық жағдайды, реформалардың одан арғы бағыттарын, инфрақұрылымды дамытуды және ынтымақтастық перспективасын талқылады.

Кездесуді ашқан Серік Жұманғарин Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен әріптестігінің стратегиялық сипатын атап өтті. Ынтымақтастықтың 33 жылы ішінде банктің қолдауымен көлік, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, жасыл технология және цифрландыру саласында жалпы сомасы $8 млрд-тан асатын қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.

Абебе Адугна Қазақстан экономикасының өсу мен инвестициялық белсенділіктегі оң динамикасын атап өтті.

Кездесудің едәуір бөлігі инфрақұрылымды дамытуға және оны қаржыландыру тетіктеріне арналды. Дүниежүзілік банк өкілдері инфрақұрылымдық инвестицияларды олардың тиімділігін арттыратын және өнімділік пен инновацияның өсуіне жағдай жасайтын институционалдық және реттеуші реформалармен сүйемелдеу маңызды екенін атап өтті.

Серік Жұманғарин Қазақстан инфрақұрылымды дамытуды тек ішкі қажеттілік тұрғысынан ғана емес, аймақтық контексте де қарастырып отырғанын айтты. Сөз Орталық Азияны басқа аймақтармен байланыстыратын көлік бағыттарын одан әрі дамыту туралы.

«Қазақстанның инфрақұрылымы – Орталық Азияның ірі бірыңғай инфрақұрылымдық тізбегін құрудағы алғашқы қадам ғана. Сөз тек біздің ішкі жолдарымыз бен теміржолдарды жақсарту туралы ғана болып отырған жоқ. Бұл жолдардың барлығы біз үшін және көрші елдер үшін тиімді болуын қамтамасыз етуіміз керек», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Дүниежүзілік банк халықаралық тәжірибені ескере отырып, инфрақұрылымды қаржыландыру тетіктері бойынша қазақстандық тараппен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #экономика #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Бүгін 20:03

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Бүгін 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Бүгін 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Бүгін 17:47

Дархан Сатыбалды мердігерлердің жұмысын бақылауды тапсырды

Бүгін 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);