AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және бал...

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Мәдени Алматы Бүгін 17:58 45
Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

29 қыркүйекте сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдындағы алаңда Алматы қаласының күніне және театрдың жаңа маусымының ашылуына орай «Мұра» атты ауқымды open-air гала-концерті өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атаулы іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің және «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырылуда.

Концерт бағдарламасына опера, балет, симфониялық музыка, хор, джаз, этно және заманауи музыка бағыттарын қамтитын 30 бірегей нөмір енеді. Кеш барысында классикалық және ұлттық өнердің бай мұрасы заманауи сценография және мультимедиялық шешімдер арқылы ұсынылады.

Концерттің визуалды бағдарламасында 500-ден астам эксклюзивті сахналық костюм, театр ғимаратының қасбетіне арналған ауқымды 3D-проекциялар, лазерлік инсталляциялар, сондай-ақ пиротехникалық және отты шоу элементтері пайдаланылады.

Сонымен қатар, іс-шара аясында «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасына да ерекше назар аударылады. Концерттің сахналық безендірілуінде қолданылатын тірі ағаштар мен өсімдіктер іс-шара аяқталғаннан кейін Алматы қаласының көгалдандыруды қажет ететін шағын аудандарының біріне және театр аумағына отырғызылады.

Кеш қонақтарын сағат 18:00-ден бастап dj_dobsun қарсы алады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 29 қыркүйек

Басталуы: 19:00

Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдындағы алаң

Мекенжайы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 110

Атаулы іс-шараның өтуіне байланысты 29 қыркүйек күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін Қабанбай батыр көшесінің Абылай хан көшесі мен Назарбаев даңғылы аралығындағы бөлігі автокөлік қозғалысы үшін жабылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын аталған уақыт аралығында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдалануға шақырамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Бүгін 17:47

Дархан Сатыбалды мердігерлердің жұмысын бақылауды тапсырды

Бүгін 17:44

Мұхтар Әуезовтің туғанына 129 жыл

Бүгін 17:20

Алматыда KIOGE 2026 30-шы мерейлі халықаралық конференциясы мен көрмесі өтеді

Бүгін 17:10

Білімді қыздар – білімді ұлт

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);