конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының визит-орталықтары жаңа форматта жұмыс іс...

Алматының визит-орталықтары жаңа форматта жұмыс істемек

Алматы Бүгін 16:10 40 yakiya
Алматының визит-орталықтары жаңа форматта жұмыс істемек
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы туристік инфрақұрылымды дамытып, қызмет көрсетуді арттырып, көлік қолжетімділігін жақсартып, туристерге сапалы қызмет көрсететін жүйе қалыптастыруға басымдық беріп отыр. Негізгі бағыттың бірі – визит-орталықтар желісін жаңғырту. Болашақта олар ақпараттық пункт қана емес, туристерге жан-жақты қызмет көрсететін толыққанды орталыққа айналмақ.

Қалада қазір Алматыны Орталық Азиядағы жетекші туристік орталықтың бірі етуді көздейтін бірнеше жоба қатарынан жүзеге асып жатыр екен.

Қазір қалада туристер көп келетін жерде орналасқан 8 визит-орталық жұмыс істейді. Олар Омаров, Панфилов, Зенков, Байтұрсынов, Тимирязев көшесінде, Достық даңғылы мене «Медеу» спорт кешенінің аумағында орналасқан. Мұнда туристер қаланың көрікті жері, экскурсиялық бағыттар, мәдени іс-шаралар мен туристік өнім туралы толық ақпарат ала алады.

2026 жылдың алғашқы бес айында визит-орталықтардың қызметіне 3 604 адам жүгінді. Оның шамамен 80%-ы шетелдік туристер болыпты. Атап айтқанда, 2 813 шетелдік қонақ пен 791 ішкі турист осыннан кеңес алған.

«Біз визит-орталықтарды туристерге барынша қолайлы ететін үлгіні әзірлеп жатырмыз. Оған әлемнің үздік тәжірибесін негіз етіп алдық», — деді спикер.

Басқармада туристік инфрақұрылымды дамыту тек ақпараттық қызметпен шектелмейтінін атап өтті. Сонымен қатар әуе қатынасын кеңейту, қонақүй желісін дамыту, таулы аймақтардың инфрақұрылымын абаттандыру мен жаңа туристік нысандар салу бағытында да біраз жұмыс істеліп жатыр. Бұл жобаларды іске асыру Алматының халықаралық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, туристер ағынын көбейтіп, қаланың өңірдегі жетекші туристік орталықтың бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түспек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асылым Жақия әлем чемпионы атанды

Бүгін 17:01

Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

Бүгін 16:32

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі Almaty TechCup XII технологиялық чемпионаты басталды

Бүгін 16:30

Еліміздің инфрақұрылымдық арқауының тағы бір мызғымас тірегі – көлік-логистика саласы

Бүгін 16:27

Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады

Бүгін 16:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);