AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Түрксіб ауданының 120 мың тұрғыны инжене...

Алматының Түрксіб ауданының 120 мың тұрғыны инженерлік желіге қол жеткізеді

Әлеумет 22.04.2026, 11:30 170 yakiya
Алматының Түрксіб ауданының 120 мың тұрғыны инженерлік желіге қол жеткізеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түрксіб ауданының әкімі Дамир Әкежанов 2026 жылға арналған инженерлік желі мен жол инфрақұрылымын жаңғырту жобасы мен қолға алған жоспарлары туралы баяндады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тұрғындарды базалық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету негізгі міндет болып отыр екен. Биыл Ақан Сері – Сейфуллин – Шолохов көшесінің аумағында, «Қайрат» шағын ауданында 36,1 шақырым су құбыры мен 47,8 шақырым кәріз жүйесі салынып жатыр. Сонымен қатар, ауданның басқа бөлігінде, соның ішінде «Нұршашқан» шағын ауданының қамтылмаған аумақтарында тағы 51,7 шақырым су құбыры мен 17,8 шақырым кәріз желісі салына бастамақшы.

«Бұл жобалар іске асқанда ауданның 120 мыңнан астам тұрғынының сапалы ауыз су мен кәріз жүйесіне қолы жетеді», – дейді Дамир Әкежанов.

Сонымен қатар «Шығыс қақпалары» тұрғын алабы аясында инженерлік желіге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Электрмен жабдықтау саласында 110 кВ қосалқы станция желілерін салу мен Сүйінбай даңғылы, 503 мекенжайындағы үйлерді қосуға арналған жобалар әзірленеді.

Көшелерді жарықтандыруға ерекше көңіл бөлінген. Биыл ауданда бұрын толық жарықтандырылмаған 30 көшеге шам орнатылады, қуаты жоғары 1825 шам ауыстырылады, 2000-нан астам тірек боялып, «Желтоқсан» паркі мен «Шұғыла», «Сейфуллин» алаңқайларындағы 750 шам да жаңартылады.

«Бұлар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырып, түнгі уақытта ауданд жарық әрі қолайлы ете түседі», – деп атап өтті аудан басшысы.

Жылумен жабдықтау саласында газ бен жылу желісін де жаңғырту көзделген. «Қайрат» шағын ауданында жаңа көпқабатты үйлерге арнап магистральдық газ желісі салына бастады. 2026 жылдың қыркүйегінде ұзындығы 8,1 шақырым болатын екі учаскедегі жылу желісін қайта жаңартып бітеді. Мамыр айында қосымша 0,7 шақырым желіні жаңарту мен 10 қазандықты жаңғырту жұмысы басталып, оны жылыту маусымына дейін аяқтамақ. Бұдан бөлек, «Шығыс қақпалары» жобасы аясында қуаты 190 Гкал болатын қазандықты да қайта жаңартуды қолға алады.

Бұл жобалар жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етеді.

Жол инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. 2026 жылы жалпы ұзындығы 23,5 шақырымболатын 38 көшеге орташа жөндеу жүргізіп, 35 мың шаршы метр жол жамылғысын жөндеп, 200 «қалқымалы» люк орнату жоспарланған. Сонымен қатар, ұзындығы 4,3 шақырым Хмельницкий көшесін Талғар тасжолына дейін ұзарту үшін жер учаскелерін сатып алу жұмысы да аяқталып қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су құбыры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық: аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді

Бүгін 11:26

БЖЗҚ жеткілікті шекті екі есе өсірді

Бүгін 10:02

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:25

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Кеше 17:56

Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу өткізілді

Кеше 17:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);