Алматы қаласының «Қазәуеорманқорғау» РМҚК әуе бөлімшесі қазіргі заманғы технологиялар мен әуе күштерін пайдаланып, орман қорын әуеден бақылауды жалғастырып жатыр.
Өрттің алдын алу, уақытылы анықтау, жылдам әрекет ету мен тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелері туралы құлақтандыру осы маусымдағы басты жұмыс болып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазәуеорманқорғау» РМҚК -нің қалалық бөлімшесінің жетекшісі Бекзат Байшалов осылай деп мәлімдеді.
Оңтүстіктегі өрт қаупі жоғары маусым табиғи аумақтарды қорғаумен айналысатын барлық қызметтің үйлесімді жұмыс істегенін талап етеді. «Қазәуеорманқорғау» РМҚК -ның Алматыдағы әуе бөлімшесі соның ішіндегі ең маңызды сала. Оның қарамағында 672 мың гектар орман қоры бар. Ми-8 тікұшағымен, сондай-ақ EC-145, H125 және H130 тікұшағымен, Partenavia ұшағы арнаулы жабдықпен қамтамасыз етілген. Бұлар өрт шыққан жерге су апарып, өрт сөндірушілерді қиын жерлерге жеткізуге, камера мен дрон арқылы айналаны бақылап отыруға мүмкіндік береді.
«Жер мен әуені қазіргі заманғы технологиялармен бақылап отырады. Стационарлық бақылау құралдарын, мобильді топтар квадрокоптерлерді пайдаланып, өрт сөндіру кезінде қазіргі заманғы химиялық заттарды қолданады», - деп атап өтті Бекзат Байшалов.
Сонымен қатар, өртті анықтау мен сөндірудің жаңа шешімін енгізуге де көп көңіл бөлініп отыр. Мысалы, бөлімшеде жасанды жадты пайдалану арқылы қауіп-қатерді бағалау мен болжау, компьютерлік симуляциялар арқылы персоналды даярлау, қиын жерлерде өрт сөндірудің тиімділігін арттыратын отандық «Stop Fire Plus» құрамын қолдану жоспарланып отыр екен.
«Қауіп-қатерге жауап беріп қана отырмай, алдын алуға ұмтылу керек. Бұған технология ғана емес, адам да араласуы керек», - дейді Бекзат Байшалов.
Алайда мамандардың айтуынша, тіпті ең озық технологиялар да тәртіп пен адамның орнын баса алмайды.
«Темекі тұқылы да, өртенген шөп те қауіпті. Біз туристік аймақтардағы бақылауды күшейттік, бірақ азаматтардың өзі бірінші болып сақтықты қолға алмаса болмайды», - дейді Бекзат Байшалов.
Құрғақшылық пен ыстыққа байланысты өрт шықпас үшін «Қазәуеорманқорғау» бірқатар алдын алу іс-шарасын ұсынады. Мысалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға уақытша шектеу қойып, ұйымдасқан туристік топтарды тіркеп, оларға түсіндіре жұмысын жүргізіп, рекреациялық жүктемесі жоғары бағаттарда бақылау бекеттерін орнату.
«Біз жұртқа табиғатта демалып қана қоймай, айналаға ұқыпты қарау керектігін де ұқтырғымыз келеді. Әсіресе, қазіргі күн райы осыны талап етіп отыр», - деп түйіндеді Бекзат Байшалов.
Жаһандағы климаттық өзгеріс пен туристердің көбеюіне байланысты орманды әуеден қорғау жағы өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі ең негізгі жұмыс болып қалып отыр.
Өрт қаупі басым маусымның басталғалы бері 11 орман өрті тіркеліп, оның 5-і неден шыққаны анықталған жоқ, бірақ әуеден бақылау арқылы 4 өртті дер кезінде таптық, бұлар 67%-ды құрайды. Өрттің жалпы аумағы 51,209 гектарға жетіп, оның 42,309 гектары орман аумағында, 8,9 гектары ормансыз аумақта болды. «Қазәуеорманқорғау» күзетінің қызметкерлері 9 өртті сөндіруге қатысты, бұл мемлекеттік орман қоры аумағында шыққан өрттің 82%-ы. Сонымен қатар, әуе күзеті қызметкерлері мемлекеттік жер қорында болған өртті сөндіруге де қатысты.