Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының тағы бір ауданында көші-қон заңнамасын с...

Алматының тағы бір ауданында көші-қон заңнамасын сақтау бойынша тексеріс жүргізілді

Барлығы 17.02.2026, 14:20 152
Алматының тағы бір ауданында көші-қон заңнамасын сақтау бойынша тексеріс жүргізілді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының Жетісу ауданында көші-қон заңнамасы саласында тәртіп орнатуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара қорытындыланды, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Үш күн бойы Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлері көші-қон қызметімен бірлесіп, шетел азаматтарының тұратын мекенжайлары мен еңбек қызметін жүзеге асыратын орындары бойынша нысаналы тексерулер жүргізді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзудың көптеген дерегі, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер тарапынан заң талаптарын сақтамау жағдайлары анықталды. 134 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 35 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, тағы 15 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

– Көші-қон саласында тәртіп орнату – бұл ең алдымен қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесі. Біз шетел азаматтары тарапынан да, олардың ел аумағында заңды болуын қамтамасыз етуге міндетті тұлғалар тарапынан да заң бұзушылықтарды жүйелі түрде анықтаймыз. Әрбір дерекке құқықтық баға беріліп, шаралар қолданыстағы заңнама аясында қабылданады, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Рейдтік және профилактикалық іс-шаралар мегаполистің өзге де аудандарын қамтитын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көші-қон заңнамасы #тексеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика