Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының шетіндегі шағын аудандар жоғары жылдамды...

Алматының шетіндегі шағын аудандар жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

Әлеумет 03.01.2022, 04:40 1,112
Алматының шетіндегі шағын аудандар жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Cурет: Ашық дереккөз

Қазіргі кезде 1 586 абонент интернетке қосылған


Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандарда жоғары жылдамдықты интернет үшін инфрақұрылым құрылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жобаны екі оператор жүзеге асырады. Мәселен, «Қазақтелеком» АҚ Интернетке сараланған әрі сымсыз қолжеткізу үшін FWA (Fixed Wireless Access) желісінің құрылысын жүргізуде. Бұл технология жеке сектор мен қала маңындағы елді мекендер үшін өте тиімді.


Бүгінде компания Алатау ауданының Алғабас шағын ауданында желіні іске қосуды аяқтады. Алғашқы тұрғындар үйлерін интернетке қосуды бастады. Сондай-ақ, Түрксіб ауданының Өжет, Бұрындай, Теректі, Наурызбай ауданының Таусамалы, Әлмерек және Нұршашқан шағын аудандары FWA жүйесімен қамтылады. Осы жылдың соңына дейін 2 мыңға жуық абонентті қамту жоспарлануда.


Бұдан басқа, қала әкімдігі «Meganet» ЖШС компаниясымен бірлесіп, қаланың шетінде оранласқан шағын аудандардың тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу бойынша жұмысты жалғастыруда. Мұнда талшықты-оптикалық байланыс желісінің технологиясы қолданылды.


Қазіргі кезде 1 586 абонент интернетке қосылған, қосу кезегінде – 304 абонент. Атап айтқанда, Нұршашқан шағын ауданында 349 үй , ал мына шағын аудандарда: Тастыбұлақта – 213; Таусамалында – 188; Ақжарда – 244; Қалқаман-2 де – 244; Қайратта – 205; Шұғылада – 51; Достықта – 22; Ақбұлақта – 17; Қарағайлыда 14 үй қосылды.


Сонымен қатар, Алатау, Наурызбай, Түрксіб аудандарының басқа да шағын аудандарында телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.


Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мақсатында 57 отбасы, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары тегін қосылды. Наурызбай ауданының Ақжар шағын ауданындағы балаларға арналған «Аманат» әлеуметтік интернат-үйі де интернетке қосылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #Шеткі аудан #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар экоакцияға 1500-ден астам сынапты шам тапсырды

Бүгін 17:04

Бітіруші түлектер жұмыс берушілермен кездесті

Бүгін 16:43

СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Бүгін 16:20

Грузияда жалғыз қалған қазақстандық жеті жасар қыз елге қайтарылды

Бүгін 16:11

Алматыда студенттерге "Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам" тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 15:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі