Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының шағын және орта бизнесінде 860 мыңнан ас...

Алматының шағын және орта бизнесінде 860 мыңнан астам қала тұрғыны жұмыс істейді

Әлеумет 16.08.2023, 08:57 941
Алматының шағын және орта бизнесінде 860 мыңнан астам қала тұрғыны жұмыс істейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді.


Оның айтуынша, қала экономикасының басым бөлігі, бұл 57,5% шағын және орта бизнесті қалыптастырады. Оған экономикалық белсенді халықтың 83%-ы жұмылдырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Берік Солтанбаев хабарлағандай, қалада барлығы 380 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 22% - ға жоғары (312 784 бірлік). Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 323 мыңды құрайды, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңінен 39% - ға жоғары (233 030 бірлік). Айта кетсек, еліміз бойынша бұл көрсеткіште мегаполис бірінші орынды алып тұр.



"Кәсіпкерлік бастаманың арқасында бүгінде қала экономиканың бестен бір бөлігін ел бюджеті кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді", - дейді Б.Солтанбаев.


- Шағын және орта кәсіпкерлік қала экономикасының іргетасы болып табылады. Бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарының кең жиынтығы тартылды".
 
"Кәсіпкерлік бастаманың арқасында бүгінде қала экономиканың бестен бір бөлігін ел бюджеті кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді", - дейді Б.Солтанбаев.


- Шағын және орта кәсіпкерлік қала экономикасының іргетасы болып табылады. Бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдары қолданылады".



Кәсіпкерлікті қолдау аясында қала келесі шараларды ұсынады:



- жеңілдікпен несиелеу (6% - дан 500 млн. теңгеге дейін кепіл, 12% - дан 6 млн. теңгеге дейін кепілсіз);
- қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме 8%);
- инновациялық бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру;
- қарызға кепілдік беру (85% дейін);
- инвестициялық жобалар үшін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу;
- факторингтік мәмілелерді қаржыландыру (8,5% - дан 100 млн. теңгеге дейін);
-бизнес-идеялардың пайда болуынан бастап қаржыландыруға дейін консультациялық қызметтер көрсету;
- резиденттері салық және кедендік төлемдерден босату түріндегі преференциялармен қамтамасыз етілетін индустриялық және арнайы экономикалық аймақтың аумақтарында жер учаскелерін беру;
- ШОК субъектілері үшін қолжетімді өндірістік алаңдарды ұсыну (шағын өнеркәсіптік парктерде);
- демалыс күндері жәрмеңкелерде сауда орындарын жеңілдікпен жалға беру.



 
Осы мемлекеттік қолдау шаралары үшін 2023 жылы 48,5 млрд.теңге бөлінді, бүгінгі таңда жалпы несие сомасы 84,9 млрд. теңгеге 1 119 жоба қаржыландырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #бюджет #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика