конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының құрылысына үлес қосқан әйелдер: Клара Ле...

Алматының құрылысына үлес қосқан әйелдер: Клара Летникова оқиғасы

Әлеумет 05.03.2025, 17:43 806 dulatbekova
Алматының құрылысына үлес қосқан әйелдер: Клара Летникова оқиғасы
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде қаланың дамуына елеулі үлес қосқан әйелдерге арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шара қонақтарының бірі-қоғам қайраткері, қатынас жолдарының инженері, Еңбек Қызыл Туы және «Құрмет» ордендерінің иегері Клара Летникова болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Клара Летникова өзінің кәсіби мансабын 1958 жылы ақпанда Свердловск автомобиль-жол техникумын бітіріп, сол кездегі Алматыға жұмысқа шақыру алған сәттен бастады. Ол 23 жы-лын қаланы көркейтуге арнап, құрылыс басқармасының бастығы лауазымына жетті.

Алматы сол жылдары қарқынды дамып, қаланың жаңа келбеті қалыптасты. Ол басшылық еткен кезеңде жолдар, ескерткіштер, субұрқақтар, сондай-ақ Алматыдағы алғашқы жерасты өткелдері салынды. 

Ол 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығына орай Қазақстандағы Ұлы Отан соғысының басты ескерткіштерінің біріне айналған 28-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауы бар Даңқ мемориалындағы жұмысын ерекше мақтан тұтатынын атап өтті.

«Мен осы жеңіс символын соғуға қатысқанымды мақтан тұтамын. Бұл ескерткіш біз үшін жай ғана құрылыс нысаны емес, нағыз тарихи миссия болды. Біз оны 1975 жылдың сәуірін-де, 50 жыл бұрын тұрғыздық. Көптеген ардагерлер мен олардың отбасылары үшін бұл ес-керткіш Жеңіс пен қайсарлықтың символына айналды. Бүгінде, 9 мамыр күні, адамдар осы жерге келіп, Мәңгілік алауға тағзым етеді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен естеліктің мәңгілігін көрсетеді. Бүгінде біз Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге жақындап қалдық», – дейді Клара Летникова.

Құрылыс саласындағы табысты мансабынан кейін Клара Летникова өз қызметін өнеркәсіп, әлеуметтік қорғау, көлік, құрылыс және кәсіподақ жүйесін басқару салаларында жалғастырды.

Зейнетке шыққаннан кейін де ол қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, өз тәжірибесі мен білімін халық игілігі үшін пайдалануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрылыс #үлес қосқан әйел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі ашылды

Кеше 20:15

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Кеше 19:11

Өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады: Алматыда 109 байланыс орталығы тәулік бойыжұмыс істейді

Кеше 19:10

Егер сайлау күні тіркелген жеріңіздеболмасаңыз: есептен шығару куәлігін қалайалуға болады

Кеше 19:08

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);