AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Қоғамдық кеңесі кәсіпкерлік, әлеуметтік...

Алматының Қоғамдық кеңесі кәсіпкерлік, әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелерін қалай шешіп жатыр?

Барлығы 22.04.2025, 12:18 745 dulatbekova
Алматының Қоғамдық кеңесі кәсіпкерлік, әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелерін қалай шешіп жатыр?
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында кеңес мүшелері баяндады.

Спикерлер әр сала бойынша атқарылған істерді атап, алматылықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бастамалар мен ұсыныстарды таныстырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар ісі жөніндегі комиссияның төрағасы Марлен Рысбеков 2024 жылы 11 қоғамдық мониторинг жүргізілгенін хабарлады.

«Біз Алматы зообағы, мұражайлар, театрлар, архивтер мен тарихи ғимараттарды аралап, олардың жағдайына сараптама жасадық. Анықталған проблемаларды мәдениет және спорт басқармасымен бірге шешу жолдарын талқыладық», — деді Рысбеков.

Оның айтуынша, комиссия Алматы ипподромы, зообақ, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсірепов музейлері секілді маңызды нысандарға барып, үш кезеңнен тұратын мониторинг жүргізген. Қыркүйек айында мемлекеттік органдар мен сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткен.

Спорт және жастар саясаты да назардан тыс қалмады. Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істейтін спорт клубтарының жұмысына талдау жасалып, «Даму бала» жобасына тәуелсіз сарапшылар баға берген. Жыл соңында ата-аналармен, кәсіпкерлермен, депутаттармен және аудан әкімдіктерінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылған.

Экономика, инвестиция, кәсіпкерлік және цифрландыру жөніндегі №4 комиссияның төрағасы Нуржан Жакупов бұл саладағы негізгі бағыттар бойынша мониторинг жүргізілгенін мәлімдеді.

«Біз туризмге арналған ақпараттық пункттер, шағын және орта бизнес өкілдері, цифрлық платформалар мен квазимемлекеттік ұйымдардың ашықтығы бойынша талдау жүргіздік. Ұсыныстарды сосын мемлекеттік органдар мен министрліктерге жолдадық», — деді Жакупов.

Сонымен қатар, комиссия жылжымалы сауда нысандарын дамыту, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және синтетикалық нашақорлықпен күрес тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізген.

№5 комиссияның мүшесі Богдан Джепка әлеуметтік саясат саласындағы жұмыстар туралы баяндады. Комиссия жұмыспен қамту туралы заңға сараптама жасап, мектеп асханаларының қызметіне мониторинг жүргізіп, инклюзивті инфрақұрылымды дамытуға атсалысқан.

«Біз жұмыспен қамту басқармасымен бірлесіп, мүгедектігі бар балаларға арналған инватакси бағдарламасын іске қостық. 450 жүргізуші оларды көлікке отырғызып-түсіруді үйренді. Қазір шағым жағы азайғанымен, оқытуды жалғастырып жатырмыз», — деді Джепка.

Сондай-ақ, балалардың мүгедектігін ерте анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Перзентханалар мен емханаларда жүргізілген мониторингтің арқасында уақытылы емдеу және отбасылық қолдау көрсету мүмкіндігі артқан. Қоғамдық кеңес қалалық инфрақұрылымды бейімдеу, қоғамдық көлік пен мекемелерді қолжетімді ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Жиын соңында спикерлер Қоғамдық кеңестің алдағы уақытта да қала тұрғындары мен мемлекеттік органдар арасындағы диалог алаңы болып қала беретінін атап өтті. Кеңес алматылықтардың өзекті мәселелерін көтеріп, шешімін табуға үлес қосуға ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоғамдық кеңес #Алматы #мәселе шешімі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);