AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Наурызбай ауданында биыл 35 көше жолдары...

Алматының Наурызбай ауданында биыл 35 көше жолдары орташа жөндеумен қамтылады

Әлеумет 20.03.2025, 10:23 855 Bakyt
Алматының Наурызбай ауданында биыл 35 көше жолдары орташа жөндеумен қамтылады
Алматы қаласы әкімдігі

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала басшысы 2024 жылы 21 көшеде 14,5 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілгенін, ал ағымдағы жылы 35 көшеде тағы 47 шақырым жолды қамту жоспарланғанын айтты.

Көше-жол желісінің сапасын арттыру үшін 2024 жылы ауданда 50 мың шаршы метр жол жабыны қалпына келтіріліп, 1,7 км арық желілері салынды. Биыл тағы 45 мың шаршы метр жол төсемін жөндеу, 8,8 шақырым тротуарларды жабдықтау және 4 көшеде 5 шақырымға жуық арық желілерін салу жоспарлануда. 

Сонымен қатар, 2024 жылы Ақжар ш/а-да 6 км жаңа жол салынды. 2025 жылдың мамыр айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында тағы 20 км жаңа жол құрылысы басталады, онда өткен жылы инженерлік желілерді салу жұмыстары аяқталды.

«Ауданда магистральдық көшелерді ұзарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Абай даңғылын Строительная көшесінен Алтын Орда көшесіне дейін ұзарту жалғасуда, жобаның толық аяқталуы мамыр айының соңына күтілуде. Төле би көшесін ұзарту бойынша 270 жер учаскесінен 211 жер сатып алынды, жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жұбанов көшесіне келетін болсақ, 346 учаскенің 75 - і сатып алынды, көшені ұзарту  аясында жол құрылысын 2026 жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Кездесу барысында Алматы әкімі ауданда қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да хабардар етті. 2024 жылы жылжымалы құрам 577-ден 794 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 10 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 20 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және күшейтуге мүмкіндік берді. Жаңа құрылыс орындарында және аялдамасыз учаскелерде 17 жаңа аялдама кешені орнатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай #көшелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);