AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Мемлекеттік архивінде конституциялық реф...

Алматының Мемлекеттік архивінде конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды

Барлығы 17.02.2026, 10:35 325 dulatbekova
Алматының Мемлекеттік архивінде конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылауға арналған кеңейтілген жиын өтті. Іс-шараға мегаполисте құрылғFан “Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!” жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелері қатысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Тәжірибелі архивистер мен жас мамандар қатысқан жиында ел болашағы үшін маңызды құжаттың, яғни жаңа Конституция жобасының мазмұны мен мән-маңызы жөнінде әңгіме өрбіді. Штаб мүшелері Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат екенін атап өтті. Жаңа жоба қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді ескере отырып әзірленгенін де баса айтты.

”Архив шаңырағына келіп отырғандықтан атап өтейін, кешегі Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы дейміз, әз-Тәукенің “Жеті жарғысындағы” ережелер дейміз, соның бәрі қазақ халқының бұрын да белгілі бір заңдық қағидаттарға сүйеніп өмір сүргендігін байқатады. Қазіргі жаңа Конституция жобасында бірінші орынға адам факторы, адами капитал шығып отыр. Яғни сіздің отбасы мүшелеріңіздің білім алуы, денсаулығы, әлеуметтік жағынан, заңдық тұрғыда қорғалуы, бәрі-бәрі жеке-жеке баптарға, тармақтармен бекітілген. Ғылыммен айналысу, мәдени еркіндік дейсіз бе, зияткерлік меншіктің шығармашылық жағынан қорғалуы –  осының барлығы жаңа Конституцияда тайға таңба басқандай жақсы жазылған. Әлі де уақыт бар, ұсыныс-пікірлеріңіз болса айтыңыздар, біз комиссияға жеткізуге дайынбыз. Осы күнге дейін біздің мемлекеттік егов.кз порталына қазақстандықтардан он мыңнан астам ұсыныс-пікір түскен екен. Бұл – біздің халқымыздың саяси сауатының өте жоғары екенінің, әрбір тармаққа, әрбір бапқа жіті назар аударып, еліміздің болашағына бейжай қарамайтынының белгісі”, – деді Жалпыұлттық коалиция штабының мүшесі, ақын Бауыржан Жақып.

Мінберден сөз алған өзге спикерлер де жаңа Конституция жобасында адам құқығы мен бостандығын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын нығайту сынды маңызды бағыттар қамтылғанын атап өтті.

”Мұндай талқылаулар елдегі демократиялық үрдістердің айқын көрінісі. Конституция жобасын қоғамдық талқылауға шығару – әрбір азаматтың мемлекет болашағына бейжай қарамай, өз үнін қосуына мүмкіндік береді. Жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатыны сөзсіз. Қазіргі кезең тез өзгеріп, жылдам дамуда. Сондықтан біз уақытпен ұштаса біліп, жаһандық үдерістерден қалып қоймауымыз керек. 1995 жылғы Конституциямызды он екі адам жазған екен. Ал қазір “Конституция неге алты ай ғана жазылып, тез дайындалып жатыр?” деген сұрақтар туындауда. Жаңа Конституция бойынша жүз отыз адам жұмыс істеді, яғни бұрынғыдан он есе көп. Және бұл жердегі ең маңыздысы – қазақша жазылды”, – деді штаб мүшесі Ернұр Биіков.

Айта кетейік, “Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!” жалпыұлттық коалициясының мақсаты – халыққа жаңа Конституцияның бағыт-бағдарын және биылғы 15 наурызда өтетін Референдумның маңыздылығын түсіндіру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мемлекеттік архив #конституциялық реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);