Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының коммуналдық қызметтері мұз аралас жаңбыр...

Алматының коммуналдық қызметтері мұз аралас жаңбыр кезінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етті

Барлығы 13.02.2026, 15:06 266
Алматының коммуналдық қызметтері мұз аралас жаңбыр кезінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етті
Алматы әкімдігі

12–13 ақпан аралығында Алматыда ауа температурасы шамамен –6 °С деңгейінде болып, мұз аралас жаңбыр жауды. Жауын-шашынның аязды ауа райымен қабаттасуы жолдар мен тротуарларда көктайғақтың пайда болуына әсер етті. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер көше-жол желісін жедел өңдеуді ұйымдастырды. Түнгі уақытта 203 аралас жол техникасы жұмылдырылды. Оның ішінде құм сепкіштер, жол сыпыру-жинау машиналары және көктайғаққа қарсы қоспа себетін арнайы техникалар бар.

Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жүргіншілер өткелдерін және қоғамдық кеңістіктерді өңдеу үшін қосымша 95 бірлік шағын техника тартылды. Негізгі магистральдарды жедел тазалау және өңдеу мақсатында арнайы техниканың 25 колоннасы құрылды.

Бір мезгілде 75 жедел бригада мен 2971 жол жұмысшысы қызмет атқарды. Жүріс бөлігі, тротуарлар, аялдама кешендері, жер үсті және жерасты өткелдері, баспалдақтар мен пандустарға арнайы қоспа себілді. Әсіресе негізгі магистральдарға, жолайрықтарға және медициналық, білім беру ұйымдарын қоса алғанда әлеуметтік маңызы бар нысандардың кіреберісіне ерекше назар аударылды.

Жауын-шашын басталғанға дейін көше-жол желісіне алдын ала профилактикалық өңдеу жүргізіліп, бұл мұз қабатының түзілу қаупін азайтуға мүмкіндік берді. Мұз аралас жаңбыр жауған кезеңде жұмыс үздіксіз атқарылды. Жауын-шашын тоқтағаннан кейін көшелерді механикаландырылған тазалау ұйымдастырылды.

Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде қаланың негізгі магистральдарында тұтас мұз қабығының қатуына жол берілген жоқ.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Көше-жол желісінің жай-күйіне тәулік бойы бақылау жүргізіліп, қажет болған жағдайда учаскелер қосымша өңделеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #коммуналды қызмет #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика