Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов жылыту маусымында өрт қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңінде өртті азайту және адам өліміне жол бермеу бойынша пәрменді шаралар қабылдау үшін Департамент осы бағытта ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Департамент 153 068 жеке тұрғын үй есепке алынды, оның 2 527-сі қатты отынмен жылытылады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 903 отбасы анықталды», - деді Д.Жүсіпов.
Жыл басынан бері Алматы қаласының аумағында барлығы 496 өрт тіркелді (2022 жылы – 578). Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторына тиесілі - 242 жағдай немесе 48%.
Бұған дейін де хабарланғандай, өрттің негізгі себептері: электр сымдары мен электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы, пештердің дұрыс жұмыс істемеуі және өртті абайсыз пайдалану.
Данияр Жүсіпов мегаполис аумағында болған соңғы өрттердің мысалдарын келтірді. Мысалы, 31 қазан күні Алатау ауданында жеке үйлердің бірінің аумағындағы «времянканың» сыртын қаптаған пеноплекс өртенді. Кейінірек белгілі болғандай, өрттің шығуына балалардың шалалығы себеп болды.
Өрттер мен қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін өрт сөндірушілер «Көмек қолы» акциясын өткізеді, оның аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының 13 отбасына атаулы көмек көрсетілді. Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері пештердің мұржаларын тазартуға, жарықтарды жабуға, түтін арналары өтетін жерлерде қабырғаларды әктеуге көмектеседі.
Сонымен қатар, спикердің мәліметінше, 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін алматылықтардың тұрғын үйлерінде көміртегі тотығын анықтайтын 1 384 дербес датчик орнатылған. Тұрақты негізде құтқарушылар қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді, мысалы, тамыз айынан бастап өрт сөндірушілер Алматының 67 мыңнан астам үйін аралап шықты. Осы айналымдардың арқасында өрт қауіпсіздігі ережелерін 1,6 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Негізінен бұзушылықтар автономды жылыту жүйелерімен, электр желілері мен электр жабдықтарының дұрыс жұмыс істемеуімен байланысты.
Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, 15 млн астам абонентті қамти отырып, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы SMS-хабарлама ұйымдастырылды (әр таратылымды шамамен 3,3 млн абонент қамту).
ТЖД тұрғындарды жылу беру кезеңінде өрттің алдын алу және адамдарды жарақаттаудың қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда, келесі ұсыныстар жасалды:
- үйдегі электр сымдарын қалыпты жағдайға келтіру,
- жылыту маусымы кезінде түтін құбырларын, жылыту пештерінің түтін мұржаларын күйеден тазартуға, түтін мұржасының түтінді тартуын тексеру және пеш мұржасын түні бойы жабуға болмайды,
- жылыту пештері мен газ аспаптарының жанында жиһаз және басқа да жанатын заттарды орналастырмау,
- пештерде, түтін мұржаларында және басқа да жылыту аспаптарында отын, кір және басқа да жанғыш заттарды кептіруге жол бермеу.