AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Жетісу ауданында емхананың жаңа филиалы...

Алматының Жетісу ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды

Барлығы 24.12.2025, 09:55 1,204
Алматының Жетісу ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды
Алматы әкімдігі

Алматының Жетісу ауданында "Құлагер" медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығының жаңа филиалы салтанатты түрде ашылды.

Заманауи медициналық нысанның пайдалануға берілуі қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам әрі тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті толықтай көрсететін филиал аудан тұрғындарының қажеттілігін ескере отырып салынған.

Мұнда жалпы тәжірибе дәрігерлері мен бейінді мамандар қабылдайды, профилактикалық тексеру мен вакцинация жасалады, жүкті әйелдер мен балалар бақылауға алынады, созылмалы аурулары бар науқастарға динамикалық бақылау жүргізіледі, сондай-ақ үй жағдайында медициналық көмек көрсетіледі.

Медициналық ұйым қолданыстағы стандарттарға сай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, бұл дәл диагностика мен тиімді емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолайлы әрі қолжетімді жағдай жасалған.

Филиалда цифрлық рентген, маммограф, заманауи ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жабдықтары, ЛОР және офтальмолог кабинеттері, изоляторлары бар бөлек сүзгілер, жеке зертхана мен дәріхана жұмыс істейді.

ЛОР кабинеті заманауи ЛОР-комбайнмен жабдықталған, ал офтальмолог кабинеті офтальмоскоппен, авторефрактометрмен, көз ішілік қысымды жанаспай өлшейтін және биомикроскопия жүргізуге арналған жабдықтармен қамтылған.

Акушер-гинеколог дәрігерінің кабинеті заманауи көпфункционалды гинекологиялық орындық, видеокольпоскоп және шағын ота жүргізуге арналған электрокоагулятормен жабдықталған. Жүкті әйелдер үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету деңгейінде ұрықтың жағдайын жедел бақылауға мүмкіндік беретін кардиотокография жүргізу қарастырылған.

Филиал қолданыстағы медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені азайтып, қабылдауды күту уақытын қысқартуға және тұрғындардың тұрғылықты жеріне барынша жақын медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Жетісу ауданында шамамен 200 мың адам тұрады. Оның ішінде 135 мың тұрғын мемлекеттік емханаларға тіркелген, ал қалғандары қаланың басқа аудандарындағы медициналық ұйымдарда қызмет алады. "Құлагер" медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы филиалының іске қосылуы пациенттерді қайта бөлуді қамтамасыз етіп, Жетісу ауданы тұрғындары есебінен тіркелген халық санын кезең-кезеңімен 15,5 мыңнан 30 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Алматыда алдағы уақытта Нүсіпбеков көшесі бойында №1 қалалық емхананың филиалын, Серікбаев көшесінде жаңа қалалық емхананы, Айбасов пен Саялы шағынаудандарында екі дәрігерлік амбулаторияны ашу, сондай-ақ №4 қалалық клиникалық аурухананы қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медициналық мекеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);