AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Алматының Жетісу ауданында 1 200 орындық жаңа мект...

Алматының Жетісу ауданында 1 200 орындық жаңа мектеп салынып, екі емхана ашылады

Алматы көшелері 11.11.2025, 19:46 475 Дина
Алматының Жетісу ауданында 1 200 орындық жаңа мектеп салынып, екі емхана ашылады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева ауданның әлеуметтік және білім беру инфрақұрылымының даму барысы туралы баяндады. Әкімнің айтуынша, биылғы 10 айда аудан бойынша жаңа нысандардың құрылысы қарқынды жүріп, бар мекемені жаңғыртуды көздейтін қыруар жұмыс істеліп жатыр.

Жетісу ауданында 3 897 оқушы орнына тапшылық бар. Бұл мәселені шешу мақсатында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында нақты іс-шаралар қабылданыпты. Қазіргі таңда Боралдай көшесінде 1 200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып қалды. Нысанның дайындық деңгейі – 93%, оны 2025 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар №43 пен №112 мектептерде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал №87 мектепке қосымша 300 орындық жаңа ғимарат салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлене бастады.

Мектеппен қатар балабақша инфрақұрылымы да дамып келеді. Қазір №163 балабақша мен Ратушный көшесі, 139 мекенжайында орналасқан мектепке дейінгі ұйымды кеңейтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Бұл жұмыс келер жылдың І тоқсанында басталады.

Медициналық инфрақұрылым саласында да оң өзгеріс бар. Аудан аумағында жыл соңына дейін екі жаңа емхана ашылады: бірі – Нүсіпбеков көшесінде, екіншісі – Омаров көшесінде. Сондай-ақ, биыл шілде айында №21 емхана күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген еді.

Әлеуметтік салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бес жоба іске асырыла бастады. Олардың қатарында отбасыны қолдау орталығы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету орталығы, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы мен екі белсенді ұзақ өмір сүру орталығы және бар.

Жыл басынан бері аудан тұрғындарына 11 мыңнан астам әлеуметтік қызмет көрсетілді. Олардың қатарында психологиялық және заңгерлік кеңес беру, білім беру мен шығармашылық бағыттағы сабақтар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);