Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының экологиялық жағдайын жақсартуға қатысты...

Алматының экологиялық жағдайын жақсартуға қатысты тың қадамдар жасалады

Әлеумет 09.06.2022, 06:57 994
Алматының экологиялық жағдайын жақсартуға қатысты тың қадамдар жасалады
Сурет: Atpress.kz

Тиісті шешімдер ескерілді.


Алматының экологиялық жағдайын жақсартуға қатысты тың қадамдар жасалады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Атап айтқанда, бүгін Сенат «Кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Құжат аясында Алматыға қатысты тиісті шешімдер ескерілген.



«Алматының тағы бір өзекті мәселесі – ол қаланың экологиялық жай-күйі. Бүгінде ластанудың негізгі көздері ретінде көлік секторы және екінші жылу энергия орталығы болып отыр. Оларға газ шығарындыларының 60% және 31% тиесілі. Нормативтен тыс шығарындылары бар (экологиялық бекеттерде) автокөлік құралдарына қатысты өлшемді жүзеге асыру және анықтау тәртібін регламенттеу ескерілген. Осы орайда көлік құралдарына тиісті өлшемді жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту көзделген», - деді Қайырбек Өскенбаев.



Оның айтуынша, көмір станцияларынан парниктік газ шығарындыларын төмендету бойынша республикалық маңызы бар қалалар мен астана үшін отынның балама түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және кеңейту жөніндегі жобаларға инвестицияларды қайтару тетігін заңнамалық түрде енгізу ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Экология #Шешім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі