AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Алматының екі миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

Алматының екі миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

Хабарлама 10.08.2021, 13:00 1,406
Алматының екі миллионыншы тұрғыны дүниеге келді
Almaty-akshamy.kz

Алматының екі миллионыншы тұрғыны полиция қызметкері мен балабақша тәрбиешісінің отбасында дүниеге келді.


Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғыны атанған Аяла Жамбылдың отбасында болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың саны 19 миллионға жетті, ал Алматыда бұл көрсеткіш екі миллиондық межеден асты.


Аяла Жамбыл полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жаныбекованың отбасында дүниеге келді. Ол – отбасындағы алтыншы қыз. Б. Сағынтаев жаңа туған нәрестеге және оның ата-анасына денсаулық, бақ-береке және бақыт тіледі.


Бейбіттің анасы Рысты Сатылғанова Аяланың он екінші немересі екенін және күтпеген жерден танымал болғанын айтады. Айта кетерлігі, қалалық ұлттық статистика бюросының мамандары кішкентай нәрестенің Алматының екі миллионшы тұрғыны болғанын анықтаған.



«Біз "Қарғалы" шағынауданында Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты болған кезден бастап тұрамыз. Қалаға қосылғаннан бері көптеген өзгерістер болды. Біріншіден, барлық көшелер жарықтандырылды, жолдар жөнделді және тротуарлар төселді. Келесі жылы сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі, өйткені Қарғалы өзенінде жаңа су станциясы іске қосылатын болады», - деді Р. Сатылғанова. 



Аяланың ата-аналары Бейбіт пен Әлияның айтуынша, қазіргі кездегі басты міндет – денсаулықты сақтау, сондықтан коронавирусқа қарсы түратын екпе салдыру қажет екенін, балалардың қалыпты өмір сүруі және оқуы, салауатты қоғамда өмір сүруі үшін екпе салдыру керек.


Абай атындағы ҚазҰПУ саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Сілтіков Алматы қаласы тұрғындарының демографиялық өсімі «Шетсіз қала» қағидасына сәйкес әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі екенін атап өтті.



«Тәуелсіздіктің 30 жылында Алматы Орталық Азия аймағындағы ең ірі қалаға айналды. Мәдени-экономикалық орталық ретінде қала одан әрі дами береді. Бұл процесс оң әсер етеді, өйткені экономикалық белсенді халықтың үлесі өседі. Халықтың демографиялық өсуі қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау, жұмыс орындарын құру, жаңа технологияларды дамыту, мегаполисте өмірдің барлық салаларын цифрландыру бойынша бар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деді Ж. Сілтіков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #ел #жұрт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика