ffin.kz

Алматының Достық шағын ауданындағы 22 көшедегі кәріз желілері 2024 жылдың соңына дейін жаңғыртылады

Алматының Достық шағын ауданындағы 22 көшедегі кәріз желілері 2024 жылдың соңына дейін жаңғыртылады Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматының Достық шағын ауданындағы 759 үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.


Ерболат Досаев Әуезов ауданын аралау барысында Достық шағын ауданындағы су бұру желілерінің құрылысымен танысты. Бұл жұмыс аяқталған соң 759 үй орталық кәрізге қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жұмысты «Спецкоммунстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы 22 көшеде жүргізіп жатыр, су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 13,7 км. Аудан әкімі Абзал Егембердиев қала басшысына мердігердің жоспарға сәйкес, биыл жыл соңына дейін Тәуке хан, Розыбақиев, Терме көшелеріндегі алғашқы учаскені тапсыруы тиіс екенін, ал барлық жұмысты 2024 жыл IV тоқсанда аяқтау жоспарланып отырғанын баяндады. 


Қала басшысы аудан әкіміне, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшылығына «Алматы Су» және құрылыс басқармасымен бірлесіп 2018 жылы әзірленген жобамен айналысуды тапсырды. Құжат нөсер кәрізі бойынша жаңа нормаларды және басқа да параметрлерді ескере отырып, жаңартуды қажет етеді. Ерболат Досаев сонымен қатар, алдағы көктемде жол төсемін толық қалпына келтіріп, барлық қызметтің жұмысын үйлестіру қажеттігін атады. 



«Бір жерді екі рет қазбас үшін бәрін есептеу керек. Өкінішке қарай, бізде көптеген жоба ескі. Оларды жаңа стандарттарға сәйкестендіру қажет. Бұрын бізде инженерлік желілерді траншея әдісімен төсеу кезінде тек траншея қалпына келтірілді. Бізге жол төсемінің енін қалпына келтіру керек. Инженерлік желілер мен арық жүйесін төсеу, жол төсемін қалпына келтіру және одан әрі көгалдандыру сынды барлығын үйлестіру қажет», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. 



Әуезов ауданындағы барлығы 4 учаскеде сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту қажет. 1960-1970 жылдары салынған инженерлік желілер 90% тозған.


Жұмыс сапары барысында қала басшысы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті. Ерболат Досаев арық желісін салу бойынша тоқтатылған жұмыс 2024 жылдың көктемінде қолға алынып, барлық жол төсемі қалпына келтірілетінін хабарлады.


Сонымен қатар, қала әкімі Яссауи мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы №158 мектепті жөндеу мәселесіне түсініктеме берді. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, мектеп апатты деп танылды. Қазір оқушы орындарын көбейтіп, қайта құру мәселесі пысықталып жатыр. Бұған қоса, Яссауи және Төле би көшелерінің маңында сквер және Шаляпин көшесінде арналған балалар алаңын құруды да тұрғындардың өтінген болатын. Ерболат Досаев 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайту жоспарланып отырғанын, оған сәйкес тұрғындар балалар алаңдары мен серуендеу аймақтарын құру және абаттандыру бойынша идеяларды ұсынып, іске асыра алатынын айтты.



«Келесі жылы «Халық қатысатын бюджет» бойынша: қаланың алты ауданына 2 млрд теңге және Алатау мен Наурызбай аудандарына 2,5 млрд теңге сомасын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл әртүрлі идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігін арттырады», - деді Ерболат Досаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32