AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының ботаниктері қаланы қалай қалай көгалданд...

Алматының ботаниктері қаланы қалай қалай көгалдандырып жатқандарын айтты

Алматы Бүгін 11:40 72 yakiya
Алматының ботаниктері қаланы қалай қалай көгалдандырып жатқандарын айтты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының ботаниктері қаланы қалай қалай көгалдандырып жатқандарын айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыны әдемі өсімдікпен әсемдеп қоя салу аздық етеді. Оларды жақсылап күтіп-баптап, ағаш пен гүлді дұрыс таңдап, ғылыми тәсілді көбірек қолдану керек. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ботаника және фитоинтродукция институтының Бас ботаникалық бағының мамандары осылай деп мәлімдеді. Сарапшылар үлкен қалаларда неге жасыл желекке қажеттілік артқанын, Алматының климаты мен экологиясына төзімді өсімдіктерді ғалымдардың қалай іріктеп жатқанын жан-жақты баяндап берді.

Дендрология зертханасының кіші ғылыми қызметкері Ботагоз Билибаеваның айтуынша, жасыл желек қала өмірінде маңызды рөл атқарады.

«Өсімдіктер ылғалды сақтауға көмектеседі, қолайлы микроклимат қалыптастырып, ауаның сапасын жақсартады. Дәл осы жасыл желектер қаланы өмір сүруге ыңғайлы әрі жайлы етеді. Олардың қалалық ортаға пайдасын бір ауыз сөзбен жеткізу қиын», — дейді Ботагоз Билибаева.

Дендрология зертханасының меңгерушісі Айнұр Есжанова ғалымдардың ағаштың бірыңғай цифрлық базасын құруға көңіл бөліп отырғанын айтты.

«Қаладағы ағаштар атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуға көмектеседі. Бірақ бұл жұмыс тиімді болуы үшін қандай ағашты егу керектігін нақты біліп алу қажет. Сол үшін әр ағаш туралы ақпарат жинақталатын цифрлық деректер базасы керек. Мұндай жүйе қаланың жасыл қорын тиімді бақылауға мүмкіндік береді», — деп қосты Айнұр Есжанова.

Дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Светлана Набиева әр өңір өзіне үйлесетін өсімдіктің түрін таңдап алуы керек деген ой қосты.

«Алматыда егетін өсімдіктің тізіміне осында кемі 20 жыл бойы жақсы өсіп келе жатқандарын ғана енгізеді. Мамандар әлемнің әр елінен жаңа өсімдіктің түрін әкеліп, олардың жергілікті климатқа жерсінетінін тексереді. Содан кейін ғана оларды көгалдандыруға қолданады», — дейді Светлана Набиева.

Жасыл желекке дұрыс күтім жасау негізгі міндет. Дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Инга Бабайдың айтуынша, үлкен қалаларда ауаның ластануынан көбіне осы ағаш пен бұта қорғайды екен.

«Жасыл желектер ауаны шаң мен зиянды заттардан тазартуға көмектесіп, қаланы тұрғындарға жайлы етеді. Бірақ көгалдандырып қана қоя салу жеткіліксіз, өсімдіктерге тұрақты әрі дұрыс күтім қажет. Онсыз ең төзімді өсімдіктің өзі қасиетін жоғалтып, солып қалады», — деді Инга Бабай.

Қаланы гүлмен безендіру тәсілдері туралы ашық топырақтағы гүлді-сәндік өсімдіктер зертханасының меңгерушісі Ескендір Сәтеков былай деді.

«Гүлмен көгалдандыру әсемдік үшін ғана керек емес. Өсімдіктер қалалық ортаға төзімді, ұзақ уақыт гүлдейтін және күрделі күтімді қажет етпейтін болуы керек. Сонымен қатар балалар алаңы мен жаяу жүргіншілер аймағының маңында қауіпті немесе күшті аллергия тудыратын өсімдіктерді тағы қолдануға болмайды», — деді Ескендір Сәтеков.

Мамандардың айтуынша, бүгінде Бас ботаникалық бақ Алматы үшін тұрақты, әсем әрі жайлы жасыл орта қалыптастыру мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген өсімдікті зерттеп, бейімдеп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Бүгін 18:18

Алматыда «Қазақстанның қолжазба мұрасы: сақтау, зерттеу және цифрлық гуманитаристика» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгін 18:02

Алматыда құлпынай маусымы басталды: балғын әрі сапасы тексерілген өнімді демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеден сатып алуға болады

Бүгін 17:59

Алматыда қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының капсуласы салынды

Бүгін 17:14

Мүмкіндік алаңы: Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);