Алматының Бостандық ауданының бір бөлігінде су беру уақытша тоқтатылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматыда әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді жаңғырту жұмыстарына байланысты магистральдық су құбыры қайта төселеді.
Осыған байланысты 18 қыркүйек күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Тимирязев, Жароков көшелері мен Абай және әл-Фараби даңғылдары шектесетін аумақта су беру уақытша тоқтатылады.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.