Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Алматының Бостандық ауданында 154 шақырым электр ж...

Алматының Бостандық ауданында 154 шақырым электр желісі жаңғыртылып, 100 шақырымға жуық су құбыры тартылады

Қала тынысы 06.04.2026, 12:02 69
Алматының Бостандық ауданында 154 шақырым электр желісі жаңғыртылып, 100 шақырымға жуық су құбыры тартылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының Бостандық ауданында 154 шақырым электр желісі жаңғыртылып, 100 шақырымға жуық су құбыры тартылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Бостандық ауданында биыл инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама қолға алынды. Оның аясында 99 шақырым сумен жабдықтайтын және су бұратын желілер салынып, 154 шақырым электр желісі жаңғыртылады, жылу мен газ желісі де қайта жаңарып, оқыс оқиғаның алдын алуға бағытталған біраз жоба іске асқалы отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков осылай деді. Оның айтуынша, бұл 25 мыңнан астам тұрғынды негізгі коммуналдық қызметпен қамтамасыз етіп, жүйенің сенімді бола түсуіне сеп болады.

Азамат Қалдыбековтің айтуынша, жыл соңына дейін Нұрлытау шағын ауданында тәулігіне 9 000 текше метр су өндіретін су тарту нысаны мен сорғы станциясының құрылысы аяқталады.

Сондай-ақ Азамат Қалдыбеков жыл соңына дейін Нұрлытау шағынауданында тәулігіне 9 000 текше метр қуаттылығы бар су тартатын жүйе мен сорғы станциясы салынып бітетінін хабарлады. Биылғы жылдың екінші тоқсанында ұзындығы 99 шақырым болатын сумен жабдықтау мен су бұру-тарату желісінің құрылысы басталады, оның 66 шақырымы — сумен жабдықтау, 33 шақырымы — су бұру желісі. Жалпы құны 19 млрд теңге болатын жоба 25 мыңнан астам тұрғынды орталықтанған желіге қоспақшы.

«Біз тұрғындарды базалық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді біртіндеп шешіп жатырмыз. Нұрлытау шағынауданында биылдың өзінде сумен жабдықтайтін негізгі нысандардың құрылысы аяқталады. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, оларды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, 2026 жылдың үшінші тоқсанында Ақтөбе, Бағанашыл және Ерменсай шағын аудандарында тарату желілерін салу жобалары бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарланып отыр.

Биылғы үшінші тоқсанда Ақтөбе, Бағанашыл мен Ерменсай шағынауданында тарату желісін салу жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Алматы Су» МКК желісі бойынша екінші тоқсанда Бұқар жырау, Мыңбаев, Бәсенов, Сырғабеков көшесінде, сондай-ақ Орбита-1 мен Орбита-3 шағынауданында 7,3 шақырым сумен жабдықтау мен су бұру желісін қайта жаңғырту жұмысы басталады.

Төтенше жағдайдың алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Алматы – Үлкен Алматы көлі автожолын нығайту мен қалпына келтіру, Жәңгір хан көшесіндегі су басу қаупі бар жерлерде қуаттылығы сағатына 400 текше метр болатын кәріз сорғы станциясын салу, сондай-ақ Көкшоқы шағынауданы мен «Алма» тұрғын үй кешенінде тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін тереңдігі 100-ден 400 метрге дейінгі ұңғыма қазу жоспарланған. Бұл жұмыстың барлығы жылдың соңына дейін аяқталып қалады.

«Бізге инфрақұрылымды дамыту ғана емес, оның қауіпсіздігі де маңызды. Су басудың алдын алу мен күрделі учаскелерде тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударамыз. Бұл жобаларды жүзеге асыру төтенше жағдайға тап болу қаупін азайтып, ауданның тұрақтылығын арттыра түседі», — деді Азамат Қалдыбеков.

Жылумен жабдықтау саласында 2026 жылы 10,9 шақырым жылу желісі мен бір сорғы станциясын қайта жаңғырту бойынша 18 жоба жүзеге асырылады. Жұмыс жылыту маусымы аяқталғаннан кейін мамыр айында басталып, қазан айының соңына дейін аяқталады.

Инвестициялық бағдарлама аясында 154 шақырым кабель желілері жаңғыртылады, бұл қазіргі 50%-дан асатын тозу деңгейін 25%-ға төмендетуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ 5,2 шақырым жерасты мен жерүсті газ құбыры қайта жаңғыртылады, бұл жұмыс екінші тоқсанда басталады.

Сонымен қатар екінші тоқсанда ауданның 18 көшесінде тротуар жарығын орнату жобасы бойынша сараптама қорытындысын алады. Одан кейін үшінші тоқсанда құрылыс-монтаж жұмысы басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Су құбыры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика