AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының барлық ауданында екі апта бойы жылу желі...

Алматының барлық ауданында екі апта бойы жылу желілері тексеріледі

Барлығы 18.07.2025, 16:07 716 dulatbekova
Алматының барлық ауданында екі апта бойы жылу желілері тексеріледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылы 21 шілде мен 1 тамыз аралығында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының сегіз ауданында жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, магистральды және тарату құбырлары тексерілген кезде күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, судың жер бетіне шығуы және басқа да оқиғалар сияқты штаттан тыс жағдай болуы мүмкін. Мұндай кездеа өз бетінше әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не мына телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109.

Жылу желілерін сынақтан өткізу кестесі: 
 
21-23 шілде аралығында

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек - Бродский - Рысқұлов - Сейфуллин; Алатау ауданы: Мөңке би - Б. Момышұлы - Райымбек - Фариза Оңғарсынова; Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр - Мұратбаев - Мақатаев - Сейфуллин - Тобаяқов - Желтоқсан - Мәметова - Абылай хан.
 
21 шілдеден 1 тамызға дейін

Бостандық ауданы: Асқаров - Мирас шағынауданы - «Алматы» шипажайы - Саин - әл-Фараби - Қазақфильм шағын ауданы - Рысқұлбеков - Каблуков - Бәсенов - Өтепов - Розыбакиев - Жароков - Алмагүл шағынауданы - Қожанов - ҚазҰУ - Тимирязев - М. Ганди - Назарбаев - Лисянский - Розыбакиев - Жароков - Эксперименттікбаза - Қожанов – әл-Фараби - Алмагүл шағынауданы - Орбита - 1, 2, 3, 4 шағынаудандары - Саин - Рысқұлбеков - Розыбакиев - Үлкен Алматы өзені - Өтепов - Жароков - Бәсенов; Медеу ауданы: Тайманов - Чайкина - Достық - Меңдіқұлов -әл-Фараби - Жолдасбеков - Достық - Байжанов - ІІМ шипажайы. 
 
22-24 шілде аралығында 

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр - Райымбек - Яссауи - Емцов,
Қарасай батыр - Райымбек - Яссауи - Емцов; Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин - Тобаяқов - Назарбаев - Мәметова - Уәлиханов - Әйтеке би.
 
23-25 шілде аралығында 

Әуезов и Алмалы аудандары: Қарасай батыр - Райымбек - Яссауи - Емцов; Жетісу ауданы: Айнабұлақ - 1, 2, 3, 4 шағынаудандары; Көкмайса шағынауданы, Ангарская - Мақатаев - Палладин - Павлодарская көшелерінің аумағында; Алатау ауданы: Райымбек - Отырар - Рысқұлов - Н.Данченко; Алмалы ауданы: Шөкин - Петров - Қарасай батыр - Райымбек; Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов - Сейфуллин - Солтүстік Айналым - Боралдай; Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин - Рысқұлов - Жангелдин - Райымбек - Куратов - Гоголь.
 
24-25 шілде аралығында 

Наурызбай ауданы: Райымбек - Жүнісов - Абай - Алтын Орда; Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданы Серіков - Ратушный көшесімен, сондай-ақ, Рысқұлов - Жансүгіров - Тихов - Глазунов көшелерінің аумағында; Әуезов, Наурызбай, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би - Сәтбаев - Әшімов - Ислам Кәрімов; Алатау ауданы: Мөңке би - Момышұлы - Фариза Оңғарсынова - Зерделі шағынауданы; Алмалы ауданы: Қарасай батыр - Ислам Кәрімов - Райымбек - Масанчи.
 
28-30 шілде аралығында 

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Тимирязев - Шагабутдинов - Розыбакиев; Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов - ҮАК оңтүстік жағы.
 
28 шілдеден 1 тамызға дейін

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь - Курганская - Сәтпаев - Чайковский; Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов - Абай - Желтоқсан - Тимирязев - Гоголь - Есентай өзені. 
 
29 шілдеден 1 тамызға дейін

Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев - Рысқұлбеков - Саин - Үлкен Алматы өзені.
 
30 шілдеден 1 тамызға дейін

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр - Жандосов - Варламов - Айманов.
 
31 шілдеден 1 тамызға дейін

Әуезов ауданы: Ұлықбек - Жандосов - Саин - Сәдуақасов;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Өтепов - Розыбакиев - Байзақов.

Аталған аудандарда тұратын барлық тұтынушыға ыстық су беру тоқтамайды. 

Бұл гидравликалық сынақтар қаланың жылу желілерінің техникалық жай-күйін тексеруге, ақаулы тұстарды анықтауға және алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық жасауға бағытталған.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жылу желілері #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 17:19

”Заң мен тәртіп”: қоғамдық тұрақтылық негізі

Бүгін 17:00

Қазақ тілді БАҚ өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 16:33

Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының травматологтары роботтандырылған жүйенің көмегімен оталар жасады

Бүгін 16:15

Қазақстан жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болады

Бүгін 15:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);