AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының «Бақша қала» мәртебесін жанданбақ

Алматының «Бақша қала» мәртебесін жанданбақ

Барлығы 18.12.2024, 12:44 945
Алматының «Бақша қала» мәртебесін жанданбақ
Алматы әкімдігі

2023 жылдың басынан бастап Алматыда 650 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды.

Бұл туралы Алматыда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Мемлекет басшысының «Алматы – бақша қала» мәртебесін жандандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2030 жылға дейін 2,5 млн жасыл желек отырғызу бойынша жол картасы бекітілді. 2025 жылдан бастап көшет егу кезінде Алматы әкімдігі ірі көлемді көшеттерді жаппай қолданатын болады. Осылайша биіктігі 4 және 6 метрден асатын 27 мың көшет отырғызылады», - деді әкім.

Алматы қаласында жасыл желектерді қорғау және күту қағидаларымен суару жүйесін міндетті түрде жүргізу жөніндегі норма енгізілді.

2 жыл ішінде 500 км автоматтандырылған суару және тамшылатып суару желілері орнатылды. 2025 жылы тағы 290 км осындай желілер орнатылады (сомасы 4,1 млрд.теңге), бұл автоматтандырылған суару жүйесімен 1 млн ағашқа дейін қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының жасыл желектерін отырғызу және күтіп ұстау бойынша жаңа тәсілдерді қолдану нәтижесінде көшеттердің құлап түсуі 2022 жылғы 30% - дан 2024 жылы 10% - ға дейін төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың сәуір айында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында қаланы көгалдандыру бойынша «Алматы – бақша қала» ауқымды акциясы өткізілді. Аудан әкімдіктері алма аллеяларын құруға және бұталарды отырғызуға белсенді қатысты. Барлығы 7 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды, оның ішінде 4 015 жеміс ағашы, 1 090 жапырақты ағаш және 2 600 бұта.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жеміс ағашы #бақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика