Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсет...

Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 8 бірегей артроскопиялық ота жасалды

Барлығы 19.02.2026, 15:00 206
Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 8 бірегей артроскопиялық ота жасалды
Алматы әкімдігі

Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 8 бірегей артроскопиялық ота жасалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында балалар артроскопиясы — тізе буыны хирургиясының аз инвазивті әдісі сәтті енгізіліп, дамып келеді. Бұл әдіс туа біткен және жүре пайда болған тізе буыны патологиясын тиімді емдеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Орталықта жоғары санатты дәрігер, травматолог-ортопед, Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университетінің балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі Владислав Авраменконың қатысуымен балалар артроскопиясы бойынша халықаралық шебердің дәрісі өтті. Іс-шара «Ерікті қайырымдылық қоғамы» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Үш күн ішінде мамандар тірек-қимыл аппаратының туа біткен ауытқулары, спорттық және тұрмыстық жарақаты бар 15 балаға кеңес берді. 8 артроскопиялық ота жасалды.

«Алматыда алғаш рет диспластикалық синдромдар, туа біткен ауытқулар және пателлярлық тұрақсыздық кезінде пателланы тұрақтандыру бойынша аз инвазивті ота жасалды. Бұған дейін мұндай ота ашық әдіспен жасалып, оңалту кезеңі бір жылға дейін созылатын. Жаңа тәсіл қалпына келу мерзімін 3-6 айға дейін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді», — деді орталық бөлімшесінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.

Сондай-ақ алдыңғы айқас байламның буынішілік зақымдануы, мениск мәселесі және ревматологиялық аурулар кезінде хондромалық денелерді алып тастау бойынша ота жасалды. Барлық кішкентай пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Мамандардың айтуынша, артроскопиялық әдісті қолдану кезінде қайталану қаупі 5%-дан аспайды.

Балалар тәжірибесіне артроскопия әдісі орталықта 2020 жылы қаңтар айында енгізілді. Осы уақыт ішінде қызметті дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды: ҚазҰМУ-дың балалар хирургиясы мен травматология кафедраларымен бірлескен жобалар жүзеге асырылып, тұрақты түрде шебердің дәрісі өткізілді. Атап айтқанда, 2024-2025 жылдары бұл жұмыстар «BI Жұлдызай» қайырымдылық қоры мен «Мүмкіндік» бағдарламасының қолдауымен жалғасты.

Барлық ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін жүргізіледі. Бұл мүмкіндік Алматы қаласының тұрғындарына ғана емес, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген балаларға да қолжетімді.

2025 жылы орталықта тірек-қимыл аппаратына қатысты 180 артроскопиялық және басқа да ота жасалды. Ота жасалған балалар толыққанды өмірге оралып, олардың көпшілігі спортпен қайта айналыса бастады. Ревматологиялық ауруларды қосқанда, хирургиялық отаның ауқымы кеңейіп келеді.

Шебердің дәрісіне Қазақстанның түрлі өңірінен келген 10 дәрігер қатысты. Мейіржан Құрманалиевтің айтуынша, орталық еліміздің барлық аймағынан балаларды қабылдауға дайын және балалар артроскопиялық қызметінің толыққанды жұмыс істейтінін мәлімдейді.

«Балалардағы артроскопия жеңіл жарақат және тез қалпына келуімен ерекшеленеді. Сондықтан ол көптеген жарақат мен ортопедиялық патология кезінде негізгі әдіске айналуға тиіс. Біз барлық өңірден келген пациенттер үшін ашықпыз», — деп сөзін түйіндеді бөлім меңгерушісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика