Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Әуезов ауданында жаңа демалыс және спорт...

Алматының Әуезов ауданында жаңа демалыс және спорт аймағы пайда болды

Барлығы 16.09.2025, 11:50 523
Алматының Әуезов ауданында жаңа демалыс және спорт аймағы пайда болды
Алматы әкімдігі

Әуезов ауданында №86 үй мен әскери мектеп арасында орналасқан Пятницкий көшесінің бойындағы бос аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Оны «Сұлтан құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы биылғы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырды. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімдігі хабарлады.

Бұрындары иесіз, бос жатқан жерде бүгінде заманауи демалыс аймағы пайда болды. Мұнда отбасымен серуендеуге, тынығуға болады. Жаңа нысанда балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүргінші жолы мен әңгімелесуге арналған аймақтар бар. 

Жаңа демалыс аймағына асфальт төселген, заманауи жарық беру жүйесі орнатылып, жайлы орындықтар қойылған. Сегіздік пішінінде жасалған ұзындығы 20 метр болатын ерекше орындық көз тартады. Балаларға арналған кешенде әткеншектер бар, ал ойын алаңы әдемі түрде көмкерілген. Жастар мен ересектер үшін воркаут, тартан жабыны бар тренажер алаңы жасалған.

Аудан әкімдігі атап өткендей, аумақты көгалдандыруға баса назар аударылған. Демалыс аймағына ағаштар мен бұталар отырғызылды, 800 бұтадан табиғи қоршау жасалды, автоматты суару жүйесі іске қосылды.

Жаңа нысан ашық ауада спортпен шұғылдануға, отбасымен бірге серуендеуге арналған ыңғайлы әрі абаттандырылған кеңістікке айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов ауданы #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жолдар, жарықтандыру және үйлерді бұзу: Алматының Алатау ауданында не өзгереді

Бүгін 16:08

Бағынышты камера

Бүгін 16:04

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев: «2026 жылдың соңына қарай аудан 100% су және кәріз жүйесімен қамтылады»

Бүгін 15:24

Алматының Алатау ауданында жасыл-желекті аймақтар дамып, «Халық қатысатын бюджет» жобалары жүзеге асып жатыр

Бүгін 15:19

Алматының Алатау ауданында өнеркәсіп пен сауда қарқынды өсіп келеді

Бүгін 15:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика