AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Әуезов ауданында «Халық қатысатын бюджет...

Алматының Әуезов ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 29 жоба жүзеге асырылып жатыр

Алматы 22.08.2026, 13:35 292
Алматының Әуезов ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 29 жоба жүзеге асырылып жатыр
Алматы әкімдігі

Биыл ауданда 29 жоба жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Әуезов ауданында тұрғындарға ауласы мен қоғамдық кеңістігін дамытуға тікелей қатысуға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Атап айтқанда, Жандосов және Дәуленов көшелерінің қиылысында отбасылық демалыс пен спортпен шұғылдануға арналған заманауи қоғамдық кеңістік құрылды. Көркейту жұмыстары аясында мұнда шағын сәулет нысандары мен сыртқы жарықтандыру бағаналары орнатылып, заманауи балалар ойын кешендері, спорт және воркаут аймақтары жабдықталды, сондай-ақ аумақтың жабыны жаңартылды.

Аудан тұрғыны Ғабит Тұрсынбаеваның айтуынша, көркейту жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрғындар жаңа алаңда жиі серуендейтін болған.

«Балаларға ойын алаңы өте ұнайды, олар ойнап жүргенде мен де алаңдамай спортпен айналыса аламын. Бүкіл отбасы үшін шынымен де заманауи әрі жайлы демалыс орны пайда болды», – деді ол.

Тағы бір жоба Тастақ-1 шағынауданында жүзеге асырылды. Мұнда №24 және №26 үйлердің аула аумақтарын кешенді көркейту жұмыстары аяқталды.

Жұмыс барысында әр жастағы балаларға арналған заманауи ойын кешендері, әткеншектер, карусельдер, тепе-теңдік құралдары, батуттар және басқа да ойын элементтері бар жаңа ойын алаңдары пайда болды. Тұрғындардың демалысы үшін күркелер орнатылып, спорт және воркаут алаңдары жабдықталды. Сонымен қатар аумақтың жабыны жаңартылып, заманауи сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылды. Бұл аулаларды тұрғындар үшін барынша жайлы әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік берді.

Бүгінде көріктендірілген аумақ тұрғындардың күнделікті демалысына арналған толыққанды кеңістікке айналды.

«Біздің ауламыз адам танымастай өзгерді. Енді мұнда бүкіл отбасымызбен уақыт өткіземіз: балалар жаңа алаңдарда ойнайды, біз көршілерімізбен кешкі уақытта демаламыз, ал мен немерелеріммен жиі серуендеймін. Үйіміздің жанында осындай жайлы әрі заманауи кеңістіктің пайда болғанына қуаныштымын», – деді аудан тұрғыны Үміт Оспанова.

Әуезов ауданындағы көркейту жұмыстары жалғасуда. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру тұрғындардың ұсынысын ескеріп, демалыс, спорт және бос уақытты өткізуге арналған заманауи, қауіпсіз әрі жайлы кеңістіктер құруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көркейту жұмыстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);