AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының атақты базары мемлекетке қайтарылды

Алматының атақты базары мемлекетке қайтарылды

Әлеумет 04.10.2022, 05:12 2,063
Алматының атақты базары мемлекетке қайтарылды
Сурет: Kt.kz

«Оптовканы» 2013 жылдың желтоқсанында «Найза-БН» компаниясы мемлекеттен сатып алған.


Сот алматылық атақты базарды мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Tengrinews.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматының Экономикалық соты бұған дейін жекешелендірілген Barys IV базарын мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен қалалық прокуратураның шағымын қанағаттандырды.


Іс материалдарынан 2013 жылдың желтоқсанында «Найза-БН» компаниясы Barys IV базарын мемлекеттен сатып алып, Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен келісім шарт жасалғаны белгілі болды. Бұған дейін Бас прокуратура бұл нысанның бес есе арзан бағаға сатылғанын хабарлаған болатын. Нарықтық құны 1,5 миллиард теңге болса, 307 миллион теңгеге сатылған. Осыған байланысты Алматы прокуратурасы жоғарыда аталған келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінген.



«Мемлекеттік орган заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі прокурордың талап қоюына негіз болып отыр. Сот талқылауы барысында талап арызда келтірілген дәлелдер расталды. Мәмілені жарамсыз деп тану үшін сатып алушыға объектінің құнын төмен бағалауда көрсетілген заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру негіз болды. Сотта мемлекеттік мүлікті арзандатылған бағамен сату дерегі расталды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.



Сот талап-арызды қанағаттандырып, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдағаны атап өтілген.



«Алматы прокуратурасының талап-арызы қанағаттандырылып, сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Сот шешіміне соңғы шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде апелляциялық және прокурорлық өтінішхат беруге болады», - деді судья Жанар Есембаева.



Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оптовка #Алматы #Базар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясы кардиология қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 19:27

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары №181 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті

Бүгін 19:23

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Бүгін 18:17

Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалдық кезеңіне шықты

Бүгін 18:09

Азиадада алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);