Алматының аптасы

Алматының аптасы Қайрат Қоныспаев

Осы аптада қаламызда болған маңызды жаңалықтарға шолу.

Мұқағалиды қорлаған блогер

Әлішер Теменовке қатысты Алматыдағы Наурызбай аудандық сотында іс қаралып жатыр. Блогердің үстінен Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев шағым түсірген. Ол Теменовке қатысты Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-тармағы "Қорлау" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды сұраған. Қылмыстық істі Алматының Наурызбай аудандық сотында судья Бейнегүл Қайсина қарады.

"Мен күйзеліске түстім, біздің атымызға нұқсан келтірді, моральдық шығын келтірді. 10 млн теңге моральдық шығын өтесін. Желіде кешірім сұрасын. Ары қарай көреміз", - деді Жұлдыз Мақатаев сотта.

 

Футбол ойнаған полицейлер

 

ҚР Қорғаныс министрлігінің "ЦСКА" стадионында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай өткен турнирге  қалалық полиция департаментінің түрлі бөлімшелерінен құралған 17 команда, яғни 204 полиция қызметкері қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан ЖҚАЖ командасы көрінді. Олар өздерінің мықты дайындығы мен төзімділігін дәлелдеді. Екінші орынды Әуезов аудандық полиция басқармасы иеленсе, үшінші орын Алмалы аудандық полиция басқармасына бұйырды.

 

Алматылық жастар алғашқы жеке куәліктерін алды

 

Мамыр мерекелері қарсаңында Алматы қаласының көші-қон қызметі “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік мекемесі және Жетісу ауданы әкімдігімен бірлесіп, 16 жастағы қала тұрғындарына алғашқы жеке куәліктерді салтанатты түрде табыстау рәсімін ұйымдастырды.

 

1704 метрлік лағман

Қазақстан халқының Бірлігі күні Алматының Жетісу ауданында бірегей іс-шара өтті. Айнабұлақ шағын ауданындағы №4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел тарихындағы ең ұзын - 1704 метр болатын лағман дайындалды және бұл факт Қазақстанның Рекордтар кітабында ресми тіркелді.

Бұл жетістік жай ғана гастрономиялық оқиға емес, көпұлтты қоғамдағы бірлік пен келісімнің нағыз символына айналды. 19 келі ұннан қамыр иленді, ал 50 - ден астам қатысушы - аспаздар мен аудан тұрғындарының күшімен тағам екі сағаттың ішінде дайындалды. Түрлі этностардың өкілдері ортақ қазақстандық дастархан үшін бірлік рухын көрсетіп, бірлесіп жұмыс істеді.

 

«Бірлігі жарасқан Алматы»

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті. Басты іс-шара Абай атындағы алаңда, Республика сарайының алдында ұйымдастырылып, мыңдаған қала тұрғыны мен қонағы жиналды. Күннің басты оқиғаларының бірі - 11.00-ден басталып, 21.00-ге дейін созылатын концерт. Мерекеге қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Сахнадағы атмосфераны қазақстандық эстрада жұлдыздары – L Duo дуэті, пианист Ratovich , «Дервиши» және Madein KZ топтары және басқалар жасады. Концерттің хедлайнерлері ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева мен Башқұртстаннан келген Ay Yola тобы болды.

 

Жәрмеңкеде 400 тонна ет пен көкөніс сатылады

 

Алматы мен Алматы облысының  фермерлері мегаполистегі демалыс күндері өтетін жәрмеңкеде халыққа 900 тоннаға дейін азық-түлік тауарларын сатуды жоспарлап отыр. Олардың ішінде: 400 тонна көкөністер мен жемістер (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша, қияр, қызанақ, алма, шалғам, сарымсақ), 390 тонна ет (сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті, тауық еті), 50 тонна сүт өнімдері (сүт, айран, қаймақ,сүзбе, май, ірімшік), 30 тонна азық-түлік (қант, тұз, күріш, қарақұмық, мүйіз, ұн) және 30 тонна жұмыртқа, шұжық және бал.

Жәрмеңкелер 3 және 4 мамырда (сенбі және жексенбі) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаланың төрт ауданында өтеді:

 

Қасқабасовтың қасқа жолы

Алматы жұртшылығы белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовты ақтық сапарға шығарып салды.

Сейіт Қасқабасов саналы ғұмырын ұлттық әдебиетті зерттеп, ғылымның дамуына үлес қосып, жүздеген шәкірт тәрбиелеген академик, қазақ әдебиеті мен фольклортану ғылымында терең із қалдырған бірегей ғалым.

 

Жаздың сәні субұрқақ

1 мамырдан бастап Алматыда субұрқақтар маусымы ресми түрде басталады. Олар күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін  жұмыс істейді. Олардың жұмысы 1 қазанға дейін созылады. Бұл ретте, қолданыстағы ережелерге сәйкес +5°C төмен температурада субұрқақтарды пайдалануға тыйым салынады. Осы маусымда 56 коммуналдық субұрқақ кешені іске қосылады, оның 11-і «құрғақ».

 

Сақтансаң, сақтармын!  

30 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласында сиреналар қосылды, жалпықалалық жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізілді. 

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы – бұл төтенше жағдай қаупі немесе туындаған жағдайда халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:38

17:50

17:39

17:33

17:32

17:27

17:14

17:05

16:26

16:04

15:46

15:42

15:23

14:58

14:40

14:17

14:11

13:23

12:40

12:36

12:14

12:14

11:54

11:33

11:03