AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Алатау ауданында жыл соңына дейін 1100 о...

Алматының Алатау ауданында жыл соңына дейін 1100 орындық екі мектеп салынады

Әлеумет 12.01.2024, 03:18 897
Алматының Алатау ауданында жыл соңына дейін 1100 орындық екі мектеп салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Алатау ауданында оқушы орындарының тапшылығын қысқарту мақсатында қала әкімінің тапсырмасы бойынша екі мектептің құрылысы жүргізілуде, ол ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Біріншісі - 550 орындық «Саялы-2» шағынауданында, екіншісі- 550 орындық «Зерделі» шағынауданында.


Айта кетерлігі, мектеп ғимараттары жоғары, орта және бастауыш сыныптарды оқытуға арналған бөлек оқу блоктарынан және жалпы аумақтардан тұрады. Жобаларда бірегей интерьер дизайны, спорт алаңдары, асханалар және т.б. қарастырылған.


Ғимараттардың техникалық жарақтандырылуы мен конфигурациясы оқу бағдарламасын дұрыс қабылдау үшін оңтайлы инсоляцияны қамтамасыз етуге және демалыс аймақтарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мобильділігі төмен топтар үшін жобада арнайы лифтер қарастырылған. 



Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында Алматыда мемлекеттік мектептерге үш қосалқы нысан салу жұмыстары аяқталады. Бұлар - қажет ішкі және сыртқы инфрақұрылымы бар толыққанды ғимараттар. Мысалы, №59 гимназияның оқу ғимараты 380 орынға есептелген, ал оның жанынан 750 орындық қосалқы нысан салынуда.


Сондай-ақ, қалада 11 мектеп сейсмикалық күшейтілуде. Бүгінде 9 мектеп бойынша жұмыстар аяқталды, қалған екеуін күшейту ағымдағы жылдың маусым айына дейін жоспарлануда.


Айта кетерлігі, Алматыда барлығы 215 мектеп жұмыс істейді, оның 30 – ы Алатау ауданында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #мектеп #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);