AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Алатау ауданында жарық әлі берілмеді: ма...

Алматының Алатау ауданында жарық әлі берілмеді: мамандар апат себебін анықтап жатыр

Барлығы 14.11.2025, 10:56 491 dulatbekova
Алматының Алатау ауданында жарық әлі берілмеді: мамандар апат себебін анықтап жатыр
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 13 қараша күні 110 кВ №124А және №101А электр беру желілерінде жарықтың апаттық өшу тіркелді. Соның салдарынан ПС-162А «Алғабас», ПС-169А «Ақбұлак» және ПС-123А «АЖЭО-2» сынды бірнеше ірі қосалқы станция уақытша электр қуатынсыз қалды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Апат Алматы қаласы Алатау ауданының тұтынушыларына да әсер етті. Электрмен жабдықтау төмендегі шағынаудандарда уақытша тоқтатылды:

Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі, сондай-ақ Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөңке би көшелерінің аралығындағы аумақ.

Оқиға орнына жедел түрде апаттық-қалпына келтіру бригадалары жіберілді. Мамандар апаттың себебін анықтауға кірісіп, электр қуатын кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

14 қараша, сағат 00:12-де, ПС-110/10 кВ №169А «Ақбұлақ» қосалқы станциясы 110 кВ №101А желісі арқылы қайта қосылды. Қазіргі уақытта мамандар Нұркент, Ақкент, Алғабас, Теректі және Көксай шағынаудандарындағы энергиямен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары электрмен жабдықтау толық орнына келгенше жүргізіледі.

Жауапты мекеме уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін Алматы қаласының Алатау ауданында электр беру желілерінде апаттық жағдай болып, «Ақбұлақ», «Алғабас», «Ақкент», «Саялы», «Теректі», «Ғажайып», «Көксай», «Нұркент», «Дарабоз», «Зерделі» шағынаудандары және Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөңке би көшелерінің арасындағы аумақ электр жарығынсыз қалды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау ауданы #Жарық #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);