AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының академиялық қауымдастығының өкілдері жаң...

Алматының академиялық қауымдастығының өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдады

Барлығы 06.02.2026, 21:51 238
Алматының академиялық қауымдастығының өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі 

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған академиялық тыңдаулар өтті.  Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, судьялар, мемлекеттік органдардың өкілдері, академиялық қауымдастық мүшелері, жетекші заңгер-ғалымдар, сондай-ақ конституциялық құқық саласындағы тәжірибелі адвокаттар мен сарапшылар қатысты. 

         Дөңгелек үстел отырысын ҚазҰУ заң факультетінің деканы Уәлихан Ахатов ашып, жаңа Конституция жобасының мазмұндық әрі идеялық өзегі преамбулада айқын көрініс тапқанын жеткізді. 

«Жаңартылған преамбула формалды кіріспе емес, мемлекеттің рухани-идеялық тұғыры, Конституцияның бүкіл мәтінін біріктіріп тұрған құндылықтық бағдар ретінде ұсынылады. Дәл осы бөлімде мемлекеттің тарихи жады, қоғамдық келісімге деген ұмтылысы және болашақ дамудың стратегиялық бағыты жинақталған», – деді Уәлихан Ахатов.

    Академиялық тыңдауда мемлекеттік биліктің конституциялық негіздерін нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін кеңейту  және қазіргі қоғамдық-саяси өзгерістер жағдайында құқықтық институттардың рөлін арттыру мәселесі қарастырылды.

     Жиында депутат Үнзила Шапақ Конституциядағы өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталғанын айтты.

«Жаңа Конституцияның жобасы бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланғаннан бастап қоғам арасында кеңінен талқылануда. Қазірдің өзінде Конституциялық комиссия түскен ұсыныстарды қарастырып, жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан әлі де жаңа Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Осы орайда, университеттік ғалым-сарапшылармен бірлесіп академиялық тыңдаулар өткізу аса маңызды», – деді депутат.

       Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өз сөзінде жаңа Конституция жобасын талқылау қоғам үшін айрықша маңызды кезең екенін атап өтті. 

«Конституция мемлекеттің құқықтық қаңқасы ғана емес, қоғам мен биліктің өзара сенімінің кепілі. Сондықтан ұсынылып отырған өзгерістер ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталуы тиіс. Бұл ретте академиялық орта мен заңгер-ғалымдардың сараптамалық пікірі ерекше маңызға ие. Бұл саяси науқан елдің болашағын сақтауда жасалып жатқан ауқымды бастама», – деді Ермұрат Бапи.

     Академиялық тыңдаулар кезінде заң ғылымының докторы, профессор Алуа Ибраева, заң ғылымының кандидаты, профессор Лейла Күлтемірова, Алматы қаласы Алатау ауданының судьясы Талғат Дәулетниязов баяндама жасады.

Шара барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін жан-жақты әрі кәсіби тұрғыда талқылап, ұсынылып отырған өзгерістер жөнінде талдау жұмыстарын жүргізді.  Сонымен қатар халықаралық тәжірибе мен ұлттық құқықтық дәстүрлерді ескере отырып, ғылыми негізделген ұсыныстар әзірледі.

    Нәтижесінде жинақталған сараптамалық ұсынымдар мен талдамалық материалдар алдағы ғылыми-талдамалық, сараптамалық-консультативтік және қоғамдық-ағартушылық қызметте, сондай-ақ конституциялық құқық пен мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуда пайдалану жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика