Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Айболиті

Алматының Айболиті

Әлеумет 18.09.2023, 10:14 1,014
Алматының Айболиті
Сурет: Awaytravel.ru

Алматыдағы хайуанаттар бағында 25 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Азамат Дүйсенов зообақтың құрметті қызметкері атанды.


Азаматтың жануарларға деген қызығушылығы мектеп жасынан басталған. Оған  ата-анасы алғаш рет аквариум мен балық сыйлаған. Оған қоса мысық пен иті болыпты. Ветеринар мамандығына бетбұрысы қызығушылықтан емес мысықты емдемек болған әрекетінен басталыпты. Мысығын емдей алмаған Азамат мал дәрігері болуға бел буған. 



«Мысығымның бас-ми жарақаты ауыр болды. Қозғалмай жатқан жануарды өз күшіммен емдемек болдым. Үйде витамин, дәрілер және шприц болды. Витаминді укол арқылы аз-аздан салдым. Бірақ көмектеспеді», - дейді Алматы хайуанаттар бағының бас ветеринар дәрігері Азамат Дүйсенов. 



Ветеринардың айтуынша, әр жануардың өзіндік мінезі бар. Кейбіреулерін қоршауға кіріп, еркін тексеруге болады. Кейбіреулерін алдын ала дайындау керек. Мысалы, арыстанның есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Өзіне ине салған адамды ұзақ уақыт ұмытпайды.


Хайуанаттар бағындағы жануарларды тексеру таң қылау бергеннен басталады. Мұндағы әр бөлімнің арнайы ветеринары болады екен. Мысалы, Дәурен Кенжебаев осында 15 жылдан бері жұмыс істейді. Алғашында әріптесі Азаматтан көп нәрсе үйренгенін айтады.  



«Жануарларды өте жақсы көретін азаматтың бірі деп айта аламын. Бұл Азамат енді әр жануардың мінез-құлқын, ерекшелігін өте жақсы біледі. Азаматты да біздегі жануарлардың біразы таниды деп айта аламыз», - дейді Жыртқыш сүтқоректілер бөлімінің жетекшісі Дәурен Кенжебаев.



Азамат Дүйсеновтің пікірінше ветеринардың жұмысы балалар педиаторының қызметі іспетті. Тәуліктің кез-келген уақытына, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қажет кезде осыннан табылып, жануарларға көмек көрсету керек. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ветеринар #құрметті қызметкер #Зообақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Бүгін 08:56

Жаңбыр, найзағай, бұршақ...

Бүгін 08:47

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Кеше 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Кеше 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Кеше 18:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика