Әнші сайланған депутаттар өнер саласына ерекше көңіл бөледі деп үміттенеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бүгін белгілі әнші Тахмина Әшімбекова мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы аясында №42 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Тахмина Әшімбекова сайланған депутаттар өнер саласына ерекше көңіл бөледі деп үміттенеді.
«Мәслихат депутаттарының қала тұрғындарын, соның ішінде өнер және мәдениет саласының өкілдерін толғандыратын мәселелерге назар аударып, оларды шешуге ықпал етуі маңызды. Өнердің дамуын қолдау, шығармашылық адамдарына мүмкіндік жасау және мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыру – қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі. Депутаттар осы бағыттағы ұсыныстар мен бастамаларды назардан тыс қалдырмайды деп сенемін», – деді әнші Тахмина Әшімбекова.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаудың өту барысы туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.