Алматының 8 кереметі

Алматының 8 кереметі Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

Алматы қаласында 2025 Жаңа жыл қалай тойланады?

Алматы қаласы «Алматының 8 кереметі: бүкіл отбасыға арналған сиқыр» атты ауқымды жаңажылдық бағдарламаға қызу дайындық үстінде. 20 желтоқсанда басталатын бұл мерекелік шараларға қаланың сегіз ауданының тұрғындары мен қонақтары қатысып, мерекенің мәнін бірге ашады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласы әсем безендіріледі. Басты кіреберіс – әуежайдан бастап, орталық алаңдарға дейін қаланың әр бұрышы мерекелік кейіпке енеді. Қалада 300-ге жуық жарық инсталляциялары, ертегілер кейіпкерлері мен мерекелік символдар орнатылады. Оның ішінде 120-сы – өткен жылғы жөндеуден өткен шағын сәулеттік формалар (ШАФ). Магистраль бойындағы ағаштар жарықдиодты шамдар мен гирляндалармен көмкеріледі. Барлығы 1500 жарық элементі, оның ішінде 350 қалпына келтірілген кронштейндер Алматының басты көшелері мен даңғылдарын көркемдейді.

Қаланың 21 маңызды ғимараты архитектуралық жарықтандырумен айшықталады. Алматының символына айналған «Көктөбе» телемұнарасы да жаңажылдық әсем бейнемен безендіріліп, тұрғындар мен туристерге ерекше мультимедиялық көрініс ұсынады.

Биыл Алматыда алғаш рет негізгі алаңдарға сабақтық классикалық шыршалар орнатылады. Басты жаңажылдық шырша, биіктігі 22 метр, дәстүр бойынша Республика сарайы алдындағы Абай алаңында орнатылады. Шыршаны безендіруге 6 шақырым гирляндалар, ірі әшекейлер мен экологиялық таза материалдардан жасалған ойыншықтар қолданылады.

Жалпы қалада 80-нен аса шырша орнатылады. Әр шыршаны әшекейлеуге 4-6 шақырым гирлянда пайдаланылады. Шыршалар негізгі орындарда: Тұңғыш Президент саябағында, Республика алаңында, «Халық Арена» мұз сарайында, «Алматы Арена» кешенінде, Абылай хан атындағы театр алдында және Наурызбай ауданының амфитеатрында, сондай-ақ цирк, сауда орталықтары мен саябақтарда пайда болады.

20 желтоқсанда сағат 19:00-де Республика сарайы алдында Алматының бас шыршасы салтанатты түрде жарықтандырылады. Шара барысында Turar, Dakelot, Adill, Мади Рымбаев, Диная, Astro тобы, Malika Yes, Балжан Бидаш, ALPHA тобы сияқты эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Аяз Ата мен Ақшақар да мерекенің басты қонақтары болады.

Астана алаңында 22 метрлік шырша орнатылады, сондай-ақ Аяз Атаның ұлттық нақышта безендірілген ғажайып үйшігі ашылады. Барлық қала тұрғындары осы үйшікке кіріп, мерекелік көңіл-күйге бөлене алады.

Әл-Фараби даңғылындағы «Нұрлы Тау» бизнес-орталығының алдында 20 желтоқсанда мерекелік жәрмеңке ашылып, 26-31 желтоқсан аралығында live-band топтары өнер көрсетеді.

Алматылық Арбат Карнаби-стрит стилінде безендіріліп, жұлдыздар мен шарлар композициялары орнатылады. Арбатта 20-31 желтоқсан аралығында шырша жәрмеңкесі өтеді. Жергілікті суретшілердің көрмесі, отбасылық ойындар мен музыканттардың қойылымдары ұйымдастырылады.

Мемлекеттік қуыршақ театры 20-30 желтоқсан аралығында «Сиқырлы айна» бағдарламасы мен Ганс Христиан Андерсеннің «Қар ханшайымы» спектаклін ұсынады.

Алматылық цирк 21 желтоқсаннан 21 қаңтарға дейін лазерлік шоу мен «Қар ханшайымы» қойылымын ұсынады. Бағдарлама аясында Мәскеудің Никулин циркі мен Испанияның әйгілі клоуны өнер көрсетеді.

Барлық 8 ауданда Аяз Ата мен ертегі кейіпкерлерінің шеруі, көрмелер, концерттер және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Алматы қаласын жаңажылдық безендіруге 800 миллион теңге бөлінді. Өткен жылғы декорацияларды қалпына келтіріп, жаңа шараларға мәдениет мекемелерін тарту арқылы биылғы мереке өткен жылға қарағанда ауқымды әрі сәнді болады.

Алматы қаласында жаңа 2025 жылға орай ұйымдастырылатын жалпықалалық іс-шаралар жоспарымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар.

 

20241217181647225.pdf

Жаңа жыл Алматыда ерекше көңіл-күй сыйлап, барша қала тұрғындары мен қонақтарын қуантпақ!

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:40

08:23

08:17

20:09

19:49

19:09

18:40

18:29

18:20

18:17

18:15

17:53

17:48

17:42

17:27

17:12

16:53

16:46

16:37

16:35

16:30

16:17

16:03

15:54

15:28