AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының 3-9 қазан аралығына арналған ауа райы бо...

Алматының 3-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы

Әлеумет Бүгін 10:05 109
Алматының 3-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер қалада жаңбырлы, күз мезгіліне тән салқын ауа райы болады деп болжады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін қуатты солтүстік циклонға байланысты жауын-шашын туындайды.

"3-4 қазанда қалада күзгі жылы ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде: +9...+14°С, күндіз: +22...+27°С. 5 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр жауады, түнде кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, екпінді жел соғады", – дейді орталық өкілі.

Маманның айтуынша, демалыс күндерінен кейін қаладағы ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз. +12...+14°С. Кейінгі күндері жауын-шашын тек қаланың таулы аудандарында ғана сақталады, алайда ауа райы салқын күйінде қала береді.

"Алдағы аптаның соңына қарай ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, түнде: +10...+12°С, күндіз: +18...+20°С", – дейді Дәулет Кісебаев.

Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 3-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы:

  • 3 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +22...+24°С.

  • 4 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +25...+27°С.

  • 5 қазан: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, түнде кей уақытта нөсер жаңбыр болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей уақыттарда 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +12...+14°С.

  • 6 қазан: аспан бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей уақыттарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +13...+15°С.

  • 7 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +14...+16°С.

  • 8 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +16...+18°С.

  • 9 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +18...+20°С.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

Кеше 21:31

Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Кеше 19:46

Бостандық ауданында жаңа скверлер мен жүргіншілер аллеялары салынып жатыр

Кеше 19:44

Бизнес, зауыттар мен тұрғын үй саны артты: Қазақстан жеті жылда қалай өзгерді?

Кеше 19:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);