AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыны ластағандарға айыппұл салынды

Алматыны ластағандарға айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 17.07.2024, 20:17 929
Алматыны ластағандарға айыппұл салынды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарты жылда 12 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелген.

Ескі жиһаздар мен құрылыс қалдықтарын қоқыс алаңдарында қалдыруға тыйым салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда бүгінгі таңда контейнерлік алаңдардың іргелес аумақтарында ірі көлемді қоқыстарды жинау өзекті мәселе.

"Тұрғындар ескі жиҺазды, істен шыққан тұрмыстық техниканы, сантехникалық бұйымдарды және тағы басқаларды қалдырады. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарынан кейін құрылыс қалдықтарын қоқыс жәшіктерінің жанынан табуға болады. Мысалы, плиткалар, ескі есік жақтаулары мен кенептер, кірпіштер және тағы басқалары бұл алаңның бітелуіне және басқа тұрмыстық қалдықтардың жиналуына әкеледі", деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімдігі.

Қоқыс жинайтын машиналар үлкен көлемдегі қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығара алмайды. Өйткені бұл техниканың престеу аппаратын істен шығаруы мүмкін, – деп толықтырды ведомство.

«Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелеріне» сәйкес, жылжымайтын объектілерді салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды (жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы бөлінген орындарға өз бетінше әкетуі қажет.

Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережелеріне» сәйкес, ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығаруды ірі көлемді қоқыстарды әкету шарты негізінде кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздері немесе қоқыс шығаратын кәсіпорындар жүргізеді. Үйде жөндеу жұмыстарын жүргізетін тұрғындар, сондай-ақ ірі көлемді қоқыстар пайда болған кезде мамандандырылған ұйымдарға хабарласып, ақылы техниканы шақыруы немесе қалдықтарды полигонға өз бетінше шығаруы қажет. Полигондар Алматы облысында, Іле ауданында және Қарасай ауданы Айтей ауылында орналасқан.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 505-бабына сәйкес, абаттандыру қағидаларын бұзу жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғатынын ескеру қажет.

Алматы ПД ақпараты бойынша, осы бапқа қатысты қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны, инфрақұрылым объектілерін және жасыл желектерді қиратқаны әрі бүлдіргені үшін 2024 жылдың 6 айында 11 577 заңбұзушылық тіркеліп, 32 749 200 теңгеге айыппұл салынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қала #қоқыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті

Бүгін 13:03

Қанат Ислам Бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды

Бүгін 12:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика