AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Президент қазақ тіліндегі жасанды аудармаларға пік...

Президент қазақ тіліндегі жасанды аудармаларға пікір білдірді

Білім және ғылым Бүгін 13:00 33
Президент қазақ тіліндегі жасанды аудармаларға пікір білдірді
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, терминдерді біріздендіру және сапалы сөздіктер әзірлеу мәселелеріне тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, қазақ тіліне бұрын сирек қолданылған немесе мүлде қолданыста болмаған көптеген жаңа сөздер еніп, күнделікті тілдік айналымға қосылды. Олардың қатарында «тұжырымдама», «қағидат», «шәкіртақы», «еңбек өтілі», «әмбебап», «ғаламтор», «тікұшақ», «жасанды сана» сияқты сөздер бар.

Жасанды аудармаларға қатысты пікір

Сонымен қатар Мемлекет басшысы кейбір сөздердің жасанды аудармасына қатысты пікір білдірді. Оның пайымдауынша,

«күйсандық», «қылтима», «субұрқақ», «себезгі», «үнқағаз», «жеделсаты»
сияқты баламалардың қолданысқа қажеттілігіне қатысты кәсіби мамандардың салмақты пікірі ескерілуі керек.

Көне сөздер мен жаңа үрдістер

Қасым-Жомарт Тоқаев дінге қатысты көне сөздердің орнына араб тілінен енген сөздерді жиі қолдану үрдісіне де назар аударды. Ол мұндай өзгерістердің қажеттілігін сарапшылар талқылауы қажет екенін айтты.

Жұмыс тобы мен цифрлық жүйе

Осы мәселелерді жүйелі түрде қарастыру үшін Президент кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен қоғам өкілдерінен арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Оның қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктелмек. Сонымен қатар тіл ғылымына қатысты баршаға қолжетімді әмбебап цифрлық жүйе әзірлеудің маңызын атап өтті.

Халықаралық сөздіктер әзірлеу

Мемлекет басшысы қазақ тілінің халықаралық тілдер қауымдастығындағы орнын нығайту қажеттігін де айтты. Осы бағытта «Қазақ тілі» қоғамы жүзеге асырған Oxford Qazaq Dictionary жобасын жалғастыруды ұсынды.

Президент қазақ тілін Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі ресми тілдерімен байланыстыратын сапалы екітілді және көптілді сөздіктер әзірлеу қажеттігін жеткізді.

Атап айтқанда, қазақ-француз, қазақ-испан, қазақ-қытай, қазақ-араб, қазақ-неміс, қазақ-итальян, қазақ-жапон, қазақ-корей және қазақ-парсы сөздіктерін жасау міндеті қойылды. Сонымен қатар қазақ-орыс сөздігін заман талабына сай жаңарту ұсынылды.

Электрондық сөздіктер

Қасым-Жомарт Тоқаев сөздіктердің электрондық нұсқасын әзірлеп, оларды тұрақты түрде толықтырып отыру керектігін атап өтті. Оның айтуынша, қазақ тілінің халықаралық байланысын нығайту мәдени және ғылыми ықпалдастыққа жол ашып, елдің зияткерлік әлеуетін арттырады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #қазақ тілі #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент: «Мазмұны айрықша Конституция Әділетті Қазақстанды құру ісіне заң тұрғысынан жол ашты»

Бүгін 13:03

Мемлекет басшысы: «Ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып»

Бүгін 12:48

Президент Конституцияда «Тәуелсіздік» пен «Егемендік» ұғымдары бас әріппен жазылуы тиіс екенін айтты

Бүгін 12:45

ТКШ нысандарын жаңарту – жылу беру маусымының сенімді өтуінің басты кепілі — Олжас Бектенов

Бүгін 12:30

Қазақстанда 19 өрт сөндіру депосы салынды

Бүгін 12:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);