AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Конституцияда «Тәуелсіздік» пен «Егеменд...

Президент Конституцияда «Тәуелсіздік» пен «Егемендік» ұғымдары бас әріппен жазылуы тиіс екенін айтты

Саясат Бүгін 12:45 33
Президент Конституцияда «Тәуелсіздік» пен «Егемендік» ұғымдары бас әріппен жазылуы тиіс екенін айтты
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, қоғамдағы қолданыс аясы және болашағы туралы айтты. Президент Конституцияда «Тәуелсіздік» және «Егемендік» сөздерінің бас әріппен жазылуының символдық мәніне тоқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция мәтінін әзірлеуге өзі де тікелей қатысып, әр сөзі мен бабына ерекше назар аударғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл – ең алдымен азаматтық парыз.

Мемлекет басшысы негізгі заңның халқымыздың дүниетанымына және озық заңнама талаптарына сай әзірленгенін атап өтті. Бұл жұмысқа білікті заңгерлермен қатар, филология саласының ғалымдары мен қазақ тілі мамандары да атсалысқан.

Президент қазақ тілін Тәуелсіздіктің мызғымас символы, мемлекеттің тілі және ұлттың рухани негізі ретінде қабылдау қажеттігін айтты. Сондай-ақ мемлекеттік тілге құрметпен қарау әр азаматтың азаматтық әрі адами борышы екенін жеткізді.

«Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді. Бұл – ақиқат», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент білім беру саласындағы қазақ тілінің қолданысына да тоқталды. Оның мәліметінше, биыл бірінші сыныпқа барған оқушылардың 71 пайызы қазақ сыныптарына қабылданған. Сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында қазақ бөлімдерінің саны артып келеді.

Мемлекет басшысы қазақ тілінің кітап басу, кино және музыка индустриясындағы қолданысы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Былтыр жарық көрген 6 мыңнан астам кітаптың 70 пайызы қазақ тілінде басылған. Ал биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і ана тілінде жарық көрген.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің халықаралық деңгейде танылуына үлес қосып жүрген отандық өнер және ғылым өкілдерін де атап өтті. Олардың қатарында әнші Димаш Құдайберген, актриса Самал Еслямова, шахматшы Бибісара Асаубаева, сумошы Ерсін Балтағұл және Higgsfield AI стартапының жетекшісі Ерзат Дулатов бар.

Президенттің айтуынша, мұндай азаматтар Қазақстанның мәдениетін, руханиятын және зияткерлік әлеуетін әлемге танытып, елдің рухани елшілеріне айналып отыр.

Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашағына қатысты күмәнді көзқарастан арылып, оның дамуына сеніммен қарау керектігін айтты. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру маңызды екенін жеткізді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Конституция #қазақ тілі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жылыту маусымында өрттің алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда болуы керек — Премьер-министр

Бүгін 13:32

Президент: «Мазмұны айрықша Конституция Әділетті Қазақстанды құру ісіне заң тұрғысынан жол ашты»

Бүгін 13:03

Президент қазақ тіліндегі жасанды аудармаларға пікір білдірді

Бүгін 13:00

Мемлекет басшысы: «Ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып»

Бүгін 12:48

ТКШ нысандарын жаңарту – жылу беру маусымының сенімді өтуінің басты кепілі — Олжас Бектенов

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);