Алматылықтардың орташа айлық жалақысы 16,4%-ға  өсті

Алматылықтардың орташа айлық жалақысы 16,4%-ға  өсті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қаламызда жыл басынан бері 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Алматының Экономика басқармасы тұрғындардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биыл маусым айында жылдық инфляция мамырдағы 9%-дан 8,4%-ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7%-ға және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6%-ға дейін төмендеуі есебінен болды. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-7,5%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр.

Биыл бірінші тоқсанда номиналды ақшалай кіріс орта есеппен әрбір алматылыққа 22,9% өсіп, 287 мың теңгеге жетті. Нақты мәнде өсім 11,9%.

Орташа айлық жалақы 454 мың теңге болып, номиналды мәнде жалақы 16,4%, нақты мәнде 6% өсті.

Тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аударылып отыр. 32,7 мың жұмыс орны құрылды, оның 75%-ы тұрақты. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:55

16:49

15:45

15:20

14:40

14:10

12:39

12:27

11:17

10:43

10:15

09:45

09:24

21:03

18:38

18:32

16:31

16:08

15:52

15:22

14:45

14:14

13:45

13:14

12:45