Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтардың 97%-ы үшін қоғамдық көлікте жол жү...

Алматылықтардың 97%-ы үшін қоғамдық көлікте жол жүру ақысына 20 теңге қосылды

Әлеумет 09.08.2023, 09:55 1,211
Алматылықтардың 97%-ы үшін қоғамдық көлікте жол жүру ақысына 20 теңге қосылды
yvision.kz

«Алматы көлік холдингі» ЖШС ақпараты бойынша, қалалық қоғамдық көлікті пайдаланатын жолаушылардың 97%-ы жол ақысын қолма-қол ақшасыз тәсілмен – «Оңай» карталарымен, оның ішінде «Оңай» қосымшасындағы виртуалды карталармен, сондай-ақ QR немесе SMS арқылы төлейді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Осылайша, Алматы жолаушыларының көпшілігі үшін қолма-қол ақшасыз төлем кезінде жол жүру ақысын 100 теңгеге дейін арттыру 20 теңгені құрайды. Бұл ретте барлық жеңілдікті санаттар сақталады және олар үшін жол жүру құны тек 10 теңгеге дейін ұлғаяды.


Алматыда қоғамдық көлік үшін жол жүрудің қолданыстағы құны 2012 жылы белгіленді. Содан бері тасымалдау шығындарының бірнеше есе артуына, сондай-ақ дизель отыны мен газ бағасының өсуіне қарамастан, тариф 80 теңге деңгейінде сақталды.




Мысалы, 11 жыл бұрын дизель отынының құны 90 теңгені, ал бүгінгі күні 295 теңгені, ал газдың құны бұрын 33 теңгені, ал бүгінгі күні 108 теңгені құрады. Автобустардың құнын қоса алғанда, қалған шығындар бойынша да осындай жағдай. Тасымалдаушылар жаңа автобустар сатып алуда, жаңа маршруттар ашылуда, қолданыстағылар жаңғыртылуда. Осыған байланысты ағымдағы жылы жол жүру құнын арттыру қажеттілігі туындайды.



Жыл сайын Алматы әкімдігі әлеуметтік маңызы бар қалалық автобус маршруттарын субсидиялауға қаражат бөледі және осы уақыт ішінде қоғамдық көлікте жол жүру құны мемлекеттік субсидиялар есебінен қолдау тапты. Оларсыз тарифтің құны ағымдағы жылы тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес 425 теңгені құрайтын еді.



Бұл шығындар көрсетілетін қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді, өйткені түсетін қаражат тасымалдаушылардың барлық шығындарын өтемейді. Рентабельділігі төмен болғандықтан, компаниялар жаңа жылжымалы составты сатып алуға және автопарктерін жаңартуға мүдделі емес. Бұл автобустардың жетіспеушілігіне және қолда бардың тозуына тікелей әсер етеді.



Бұл ретте бүгінгі таңда әрбір автобустың қозғалысын бақылауға, қоғамдық көлік жұмысының әртүрлі критерийлері бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйелер енгізілді. Нәтижесінде Алматы агломерациясы аясында көлікті цифрландыру және жолаушылардың көші-қонын анықтау мүмкін болды.


Жыл сайын тасымалдаушылар жаңа жылжымалы бірліктерді сатып алады, олар соңғы жылдары бірнеше рет қымбаттады. Ағымдағы жылы коммуналдық автопарк 600 автобус пен 100 троллейбусқа шарт жасасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолақы #азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Бүгін 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі