конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай текс...

Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай тексереді?

Сайлау 2026 Бүгін 17:15 35 Дина
Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай тексереді?

Алматы тұрғындары Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу үшін өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін алдын ала тексере алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Дауыс беруге қатысудың міндетті шарттарының бірі – азаматтың тиісті сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілуі.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова сайлаушылар тізімі жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасының негізінде жергілікті атқарушы органдар арқылы жасақталатынын еске салды.

– Сайлаушылар тізіміне дауыс беру күніне қарай 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтары енгізіледі. Әрбір азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін, – деді Айгүл Қалықова.

Оның айтуынша, уақытша тіркеуде тұрған және уақытша болатын жері бойынша дауыс беруді жоспарлаған тұрғындар бұл туралы алдын ала жергілікті атқарушы органға өтініш беруі қажет. Егер сайлаушы сайлау күні өзінің тұрақты тіркелген жеріндегі сайлау учаскесіне келе алмайтынын сайлауға кемінде 30 күн қалғанда білсе, онда ол 2026 жылғы 23 шілдеден кешіктірмей, нақты орналасқан жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш бере алады.

– Өтініш қаралғаннан кейін әкімдік азаматты уақытша болатын жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіп, оны тұрақты тіркелген жеріндегі тізімнен бір мезгілде шығарады. Бұл тәртіп азаматтардың сайлау құқықтарын толық жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, бір азаматтың екі рет дауыс беруіне жол бермейді, – деп түсіндірді комиссия төрағасы.

2026 жылғы 7 тамыздан бастап, яғни дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, алматылықтар өздері туралы мәліметтерді тікелей сайлау учаскесінен тексере алады.

Сонымен қатар Алматы қаласының әкімдігі нақты уақыт режимінде сайлау учаскесі туралы ақпарат алудың бірнеше мүмкіндігін ұсынады:

https://electorat.almaty.kz/  веб-сервисі арқылы;

Telegram-дағы чат-бот арқылы: https://telegram.me/almaty_quryltai2026_bot ;

109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы.

– 109 нөміріне қоңырау шалған қала тұрғындарыөздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілген-енгізілмегенін біле алады, сайлау учаскесініңнөмірі мен мекенжайын нақтылап, дауыс беру тәртібі туралы қажетті ақпарат алады, – деді АйгүлҚалықова.

109 байланыс орталығы тәулік бойы, демалыс жәнемереке күндерінсіз жұмыс істейді. Байланысоператорларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясытөрағасының айтуынша, алдағы сайлау науқанынадайындық «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» Қазақстан РеспубликасыныңКонституциялық заңына және ҚазақстанРеспубликасы Орталық сайлау комиссиясыбекіткен негізгі іс-шаралардың күнтізбелікжоспарына сәйкес жүргізілуде.

– Бүгінде жергілікті атқарушы органдарменбірлесіп кешенді дайындық жұмыстары жүргізіліпжатыр. Сайлаушылар тізімі өзектендірілуде, 670 сайлау учаскесінің дайындығы қамтамасыз етілуде, азаматтардың барлық санатының, оның ішіндемүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қажеттіжағдайлар жасалуда, – деді Айгүл Қалықова.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында сайлаушыларсаны 1,3 миллионнан асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Бүгін 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:17

Дауыс беру күні тіркелген жеріңізде болмайтын болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

Бүгін 17:13

Алматыда реновация бағдарламасы аясында 35 жоба жүзеге асырылып жатыр

Бүгін 17:03

Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосымша құрылыс сүріліп жатыр

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);