AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылықтар қала саябақтарында шет тілдерін тегін...

Алматылықтар қала саябақтарында шет тілдерін тегін үйрене алады

Барлығы 26.07.2024, 18:02 1,269 yakiya
Алматылықтар қала саябақтарында шет тілдерін тегін үйрене алады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысушылардың жас санаты 6 жастан 60 жасқа дейін.

«ALPHA ACADEMY»  директоры Бақнур Зиябеков ерікті оқытушылардың тіл үйренуді насихаттауға өз үлестерін қосқысы келетінін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Біз «ALPHA ACADEMY» оқушыларымен және Алматы жастарымен 2016 жылдан бастап тілдерді үйрену бойынша жазғы курстарды ашық аспан астында тегін өткіземіз. Сабақтарды кім өткізеді? Сабақтарды ағылшын тілінде IELTS 7.0-7.5 бар «ALPHA ACADEMY»  оқушылары жүргізеді. Сонымен қатар, олар корей, француз, итальян және басқа тілдерді үйретеді. Бұл біздің оқушыларымыз емес, олар шетелде оқитын студенттер. Олар жазда Қазақстанда уақытты босқа өткізбеуге, Алматы тұрғындары үшін тілдерді үйрете отырып, пайдалы болуға тырысады», - деді Бақнұр Зиябеков.

Қатысушылардың жас санаты 6 жастан 60 жасқа дейін. Ол алматылықтарды шет тілдерін белсенді үйренуге шақырды.

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Бағдат Анарбаева бұл әлеуметтік жоба екенін атап өтті.

«Тілдер саябағының тағы бір маусымы басталады. Бүгіннен бастап қаламыздың сегіз ірі саябағында тілдерді оқыту бойынша тегін курстар басталады. Біздің қала өте үлкен және көптеген тұрғындар, соның ішінде жастар бар. Оқытуды барлығына ыңғайлы ету үшін біз қаланың әр ауданында курстар ұйымдастырдық. Әр ауданда әртүрлі тілдер бойынша курстар өтеді», - деді ол.

Сонымен қатар, күн сайын сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін кесте бойынша таңдалған тіл бойынша курсқа қатысып, тегін білім алуға болады. Сондай-ақ «ALPHA ACADEMY» -сы әзірлеген QR коды арқылы қол жетімді тегін қолданба бар.

Тілдер бойынша курстардың кестесі @jas.almaty парақшасында жарияланады.

Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының төрайымы Әсия Ақанова сабақтардың таза ауада өтетінін атап өтті.

«Тілдер саябағының» негізгі мақсаты - жастарға тілдерді үйрету. Бүгін бізде осындай ауқымды ашылу, алдағы уақытта біздің жастарымызға ыңғайлы болуы үшін   қаланың 8 ауданындағы 8 ірі саябақта  ашылады. 6 жастан 60 жасқа дейінгі барлық адамдар қатыса алады. Сабақтар мәслихаттың қолдауымен қала әкімдігінің жастар саясаты басқармасының бастамасымен ұйымдастырылғанын атап өткім келді. Соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі. Қазір 8 курс бойынша оның ішінде: жапон, түрік, ағылшын, тиісінше қазақ, жалпы саны 15 тіл бойынша білім алуда», - дейді ол.

Оқу аяқталғаннан кейін барлық белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тіл #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);