конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар қала бойынша 10 мыңнан астам ағаш оты...

Алматылықтар қала бойынша 10 мыңнан астам ағаш отырғызды

Әлеумет 19.10.2024, 13:38 1,824 Bakyt
Алматылықтар қала бойынша 10 мыңнан астам ағаш отырғызды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда экологиялық жағдайды жақсарту және қаланы көгалдандыру мақсатында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жарқын күз» атты күзгі акция өтіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл акция экологиялық жағдайды жақсартуға және қаланы көгалдандыруға бағытталған. «Жарқын күз» акциясы қала тұрғындарына көшелерді тазалап, 10 мыңнан астам ағаш пен бұта көшеттерін отырғызуға мүмкіндік берді.

Таңертеңнен бастап алматылықтар белсенді түрде көшеттер отырғызып, үйлерінің маңында, көше бойында және қаланың саябақтарында жаңа жасыл аймақтар құруға атсалысты. Бүгінгі экологиялық акцияға 10 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 300-ден астам техника мен 1755 коммуналдық қызметкер жұмылдырылды.

Ауқымды тазалық жұмыстары барысында рекреациялық аймақтар, саябақтар, скверлер және аула аумақтары тазартылып, шамамен 4 мың текше метр қоқыс жиналды. Жиналған қоқыс қала әкімдігінің күшімен полигондарға шығарылды.

Іс-шараның негізгі жетістігі – 10 мыңнан астам ағаш отырғызу. Отырғызылған ағаштар арасында алма ағашы, қарағаш, акация, үйеңкі, шегіршін секілді түрлер бар. Бұл ағаштар ALA паркіне, Гагарин даңғылы бойындағы бульварға, Алатау ауданына, Желтоқсан саябағына, Көкжиек шағын ауданына және басқа да орындарға отырғызылды.

Акция өткен учаскелерде мәдени-ойын-сауық бағдарламалары да ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жарқын күз #Таза Қазақстан #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның жаңартылған конституциясының күшіне енуіне орай мемлекеттік әнұран шырқалды

Бүгін 12:05

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Əділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

Бүгін 12:01

Алматыда жарты жылда еңбек заңнамасы 600 рет бұзылды

Бүгін 11:36

Алматыда 51 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 11:32

Жастар жаңартылған конституцияның күшіне енуін қолдайды

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);