Алматылықтар көш бастап тұр

Алматылықтар көш бастап тұр Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

Алғашқы кредиттік бюро сарапшыларының есебіне сәйкес, биылғы жылдың екінші тоқсанында Алматы тұрғындарының демалыс пен ойын-сауыққа жұмсаған орташа шығындары жан басына шаққанда 8,6 мың теңгені құрады. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,4 есе жоғары.

«Карағанды облысы тұрғындарының шығындары да осыған жақын. Астаналықтармен салыстырғанда, алматылықтар 25%-ға артық жұмсаған – елорда тұрғындарының демалысқа орташа шығыны 7 мың теңге. Ең аз шығын Абай облысында тіркелді – жан басына шаққанда бар болғаны 916 теңге», – деп мәлімдеді сарапшылар.

Сонымен қатар, алматылықтар денсаулыққа да көп қаражат жұмсайды. Сәуір-маусым айларында денсаулық сақтау қызметтеріне жан басына шаққанда 8,1 мың теңге бөлінген, бұл да республика бойынша орташа көрсеткіштен екі есе көп.

Алматылықтардан кейін Шығыс Қазақстан және Астана тұрғындары келеді – олар медицинаға 5,5 мың теңге жұмсайды. Ең аз шығын Шымкентте – жан басына шаққанда небәрі 1,7 мың теңге

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
2
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21