AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алады...

Алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алады – қала әкімі

Әлеумет 10.04.2025, 10:37 860 Bakyt
Алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алады – қала әкімі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жылумен жабдықтауды цифрландыру 2026 жылға қарай аяқталады

Алматыда жылуды есепке алу жүйесін цифрландыру жалғасуда. Алдағы жылдары қала тұрғындары жылуға кеткен шығынды онлайн режимде бақылай алады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
 
Қазір көппәтерлі үйлерде жылуды есепке алудың жалпыүйлік есептеу құрылғысы орнатылған. Жылу төлемдері пәтердің ауданына және белгілі бір уақыт кідірісімен есептеледі. 

«Бүгінгі күні есептеу құрылғылары тек үйдің жалпы шығынын өлшейді. Осы себепті төлем пәтердің көлеміне қарай және аздаған уақыт айырмасымен қалыптасады», – деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, қала қазірдің өзінде әр пәтер бойынша нақты тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін цифрлы есептеу жүйесіне көшуді бастап кеткен.

«Биыл біз есептеу процесін цифрландыруды бастадық. Басты мақсат – әр пәтер бойынша жылу тұтынуды жеке есепке алып, тұрғындар нақты қанша жылу тұтынылғанын және қандай температурада екенін көріп отыратындай ету», – деді қала әкімі.

Бұл жүйені толық енгізу 2025-2026 жылдары аяқталады деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін алматылықтар жылу төлемін онлайн түрде нақты уақыт режимінде көре алады. 

«Жұмыс аяқталған соң сіздер төлем есептелгеннен кейін бірден онлайн режимде шотыңызды көре аласыздар деп үміттенеміз», – деді Ерболат Досаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылу #цифрландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);