Алматылықтар жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Еуропалық–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15:08-де болды. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде және Есіктен шығысқа қарай 31 шақырым қашықта орналасқан. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болды.
Алматы қалалық ТЖД-де жер сілкінісінің балы мен эпицентрі туралы ақпаратты сейсмологиялық ғылыми орталық өңдеп, нақтылап жатқанын хабарлады.